МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
-тапсырма.
Тыңда. Мәтінді
оқы.
қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Ақсу-Жабағылы қорығы.
қорық Талас Алатауының етегінде орналасқан. Бұл қорың 1926 жылы
мемлекет қайраткері – Тұрар Рысқұловтың ұсынысымен құрылған.
Қорықта аң құс, шөп, гүлдер қорғалады.
Қорықта алманың 20 шақты түрі өседі. Олардың бәрі — Алматы
апортының ең жақын туысы.
Ақсу-Жабағылы қорығында қызғалдақ пен сарғалдақ өседі. Қыз-
ғалдақтың алты түрі де алғаш осы қорықта өскен. Грейг қызғалда-
ҒЫН Ақсу-Жабағылыдан Голландияға апарған. Грейг қызғалдағы 1877
жылы Голландияда жоғары бағаланып, дипломмен марапатталған. Со-
дан бері әлемге біздің қызғалдақтың 200-ден астам түрі тараған.
Ақсу-Жабағылыда жазықтар, биік шыңдар, жартастар, таулар бар.
Өзендер мен сарқырамалар бар. Көгілдір биік таулар аспанмен таласа-
ды.
Теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан тастарға сурет салын-
ған. Тастарда жануарлар, аң аулаған ежелгі адамдар бейнеленген.
составь постер
Су туралы шағын шығарма.
Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/xfsearch/12+%D1%81%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80
© www.ZHARAR.com