Мәтінмен жұмыс
«Алтынемел»-Алматы облысының Кербұлақ ауданында 1966 жылы ашылған Ұлттық саябақ. Ол Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Жер көлемі- 460мың гектар. Оның құрамына Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының қасында орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі- «Әнші құм» кіреді. Мұндай «Әнші құм» табиғатта өте аз кездеседі. «Алтынемел» саябағы археологиялық ескерткіштерге бай. Онда түрлі-түрлі көне суреттер салынған тастар мен үлкен-үлкен үңгірлер көп. «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдік түрлері, 56-ға жуық жануар түрлері, балықтар, құстар бар. Олардың көбі Қазақстанның қызыл кітабына кірген. Айналада биік-биік ағаштар, өзен- көлдер мол. Олар жан-жақтан келген туристерге жақсы әсер береді. Саябақта 17 қорықшы бекеті мен 3 туристік бағыт жумыс стейді.
Мәтіннің ішінен қос сөздер мен сан есімдерді тауып жаз. Сан есімнің түрін анықта.
ответ:Сан есімдер: 1966-реттік сан есім,460-есептік сан есім,1800-есептік сан есім,56-есептік сан есім,17-есептік сан есім,3-есептік сан есім.
Қос сөздер-түрлі-түрлі (қайталама қос сөз),үлкен-үлкен(қайталама қос сөз),биік-биік(қайталама қос сөз),өзен-көлдер(мәндес қос сөз), жан-жақтан(мәндес қос сөз).
Объяснение:100% правильно.