МӘТІНМЕН 5-омон Mariai тыда. Оқы.
Менің анам - әлемдегі ең асыл жан. Анам екеуіміздің арамы
кіретті күш бар. Ол «мейірім» деп аталады.
Мен пул болсам, анам сәулесін төккен күн. Мен сол сәуледе
аламын. Мен тәмшы болсам, ол - теңіз, Мен сол теңізде тербелем
караң болсам, ол - мөлдір т бұлақ. Мен сол бұлақтан нәр аламын, план
Біз анам екеуіміз кез келген мәселе жөнінде пікірлесеміз.
сезімтал. Анам менің адам болғанымды тілейді. Анамнан өнеге
Демалысымызды ақылдасып, бірге жоспарлаймыз. Бұл маған
жауапкершілік артады,
осовь а
ЖАЗЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ план на казахском языке
Сілтеу есімдіктері. Осы кітапты көп іздедім. Сонау қырдың астында біздің ауыл жатыр.
Сұрау есімдіктері. Есімдіктің неше түрі бар? Ауылдан қашан қайтасың?
Өздік есімдігі. Өзімнің туған жеріме жер жетпейді. Әр ана үшін өз баласы алтыннан да қымбат.
Жалпылау есімдіктері. Барлық бала сырғанақ тебуге аттанды. Қолындағы алмасын бәріне теңдей бөліп берді.
Болымсыздық есімдіктері. Ешбір адам өз Отанына ешқашан қастандық жасамау керек. Ештеңеге көңіл аудармаған Сәбит үнсіз қалпында сыртқа шығып кетті.
Белгісіздік есімдіктері. Алыстан біреу қол бұлғайды. Әлдеқайдан "алақайлаған" дауыс естілді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!