Мәтінге қатысты ақпараттың дұрыстығын анықта. Мағжан Жұмабаев -қазақ халқының лирик ақыны,
аудармашы, ғалым, ұстаз, бес арыстың бірі, қоғам
қайраткері, «Алаш» партиясының белсенді
мүшелерінің бірі. Ол 1893 жылы Солтүстік
Қазақстан облысы, Булаев ауданында дәулетті
отбасында дүниеге келген.
М.Жұмабаев - әлемдік поэзияда экологиялық
тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда
атыңды, Сәрсембай", "Шойын жол"). Ол
техикалық прогреске ешқашан қарсы болған жоқ,
оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына
қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай
отырып, туған жердің әсем табиғатынан
айырылып қалмауға үндеді.
Оның алғашқы өлеңдерінің бірі «Атақты ақын -
сөзі алтын хакім Абайға» деп аталады. Жастарға
арналған өлеңдері: «Мен жастарға сенемін»,
«Қарағым» т.б. Поэмалары: «Қорқыт», «Батыр
Баян», «Жүсіпхан», «Ертегі» т.б
Бата
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
правильно?
ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын вильям томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. бірақ мағыналары бір емес.[1]
мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. батыс еуропа, америка, австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.[3] ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. байырғы ата-ң наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді.