Жеміс – жидек пен көкөкністің адам ағзасына пайдасы.
Үнемі жеміс – жидек пен көкөністерді тағамға пайдалану адам өмірін ұзартып, ағзаға оң әсер етеді. Әр жеміс – жидек пен көкөністің құрамында өзіндік ерекше табиғи дәрумендері болады. Пісу маусымына байланысты жылдың әр мезгілінде жеміс – жидек пен көкөністі үстеліңізден үзбей қолданған абзал, әсіресе, маусым арасында мұндай табиғи дәрумендердің маңызы арта түседі.
Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенер болсақ, кейбір көкөністер мен жемістер кей аурулардың алдын алуға да септігін тигізеді. Мысалы, жасыл және сары түсті көкөністер: саумалдық, бұрыш және де шаршыгүлді өсімдіктерді, оның ішінде түсті қырыққабатты пайдалану қатерлі ісіктің алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Ал жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу үшін алма, алмұрт, цитрусты жемістерді көптеп пайдаланып, крестгүлді өсімдіктерден түрлі салаттарды дайындап жеген пайдалы. Сонымен қатар, көкөніс пен жемістерді күнделікті пайдалану ағзадағы холестерин деңгейін төмендетіп, қан қысымын қалыпты нормада ұстап, қан айналым жүйелерін ретке келтіріп және де иммундық жүйені жақсартуға ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кем дегенде тәулігіне бес мәрте (400 грамм шамасында) кез-келген, тіпті мұздатылған, көкөніс пен жемістерді қабылдауға кеңес береді.
Көптік жалғаулы сөздер: балалар, балалардың, біздің, адамдардың, аурулары, тамырлар, ауруларында.
Тәуелдік жалғаулы сөздер: саулығы, есебіміз, себебі, денсаулығы, аурулары.
Септік жалғаулы сөздер: бала (Атау с.), қоғамның (Ілік с.), назарында (Жатыс с.), балалардың (Ілік с.), адам (Атау с.), дененің (Ілік с.), денсаулықты (Табыс с.), күтудің (Ілік с.), аурудың (Ілік с.), әрқайсысының (Ілік с.), баланың (Ілік с.), құрсағында (Жатыс с.), анасының (Ілік с.), адамдардың (Ілік с.), ішінде (Жатыс с.), балаға (Барыс с.), дәрігерге (Барыс с.), дәрінің (Ілік с.), дәрі (Атау с.), ауруларында (Жатыс с.), ауруға (Барыс с.).
Жіктік жалғаулы сөздер: ?