В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Diifekt
Diifekt
13.03.2022 21:34 •  Қазақ тiлi

Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз. А мәтіні

Жетіқарақшы

Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы . Жетіқарақшы Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде пайдалаған.

«Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді.

Ә мәтіні

Саяхат бізге не үйретеді?

1. Саяхаттаудың ең қиын кезеңі – үйден шығу. Шынымен де, үйде отырғаныңызда түзде өміріңізге қауіп келтіретін түрлі жағдайлар күтіп тұрғандай сезінуіңіз мүмкін. Қайда тамақтанып, қайда ұйықтайтыныңызды білмей дал боласыз. Сізді тіл білмеу немесе қаржылық жағдай тоқтатуы да ғажап емес.

2. Адамдар әрқашан да жылы шырайлы келеді Дамыған мемлекеттерге саяхаттайтын болсаңыз ондағы адамдар сізге барынша құрметпен қарайтынына таңғалмаңыз. Тек кейбір елдердің мәдениеті төмендеу аймақтарында ғана қауіп төнуі мүмкін. Бірақ қай елді алсаңыз да, ондағы адамдар өзге елден келген саяхаттаушыларға аса зор құрметпен қарайды, әрқашан көмек беруге дайын тұрады. Олар сізге жол көрсетеді, құдайы қонақ етеді, өз елінің ең жақсы деген жерлерімен таныстырады, сіздің саяхатыңызға қызығып, емен-жарқын әңгіме-дүкен құруға дайын болады.

3. Саяхат сіз ойлағандай қауіпті емес. Өзге елдің, қаланың адамдары да өзіңіздің туып өскен жеріңіздің адамдары іспеттес, сондықтан да сіздің Отаныңыздағы жақсылық пен жамандық атаулары сапарлап барған жеріңізде де бар екенін ұмытпаңыз. Тіпті кейбір елдерде қылмыс саны бойынша адам шошытарлық статистика болуы мүмкін. Бірақ мұның барлығы да біржақты пікірден жиналған ақпарат. Сондықтан да қайбір ел туралы, ондағы адамдар туралы жаман ойлауға кеңес бермейміз. Тіпті кейбір ақпараттар қаңқу сөзден құрылған болуы да мүмкін. Сондықтан саяхаттау кезіндегі түрлі қауіп-қатерлер мөлшері сіздің Отаныңыздағы жағдайлармен бірдей, немесе тіпті аз болуы ықтимал.

А мәтіні Ә мәтіні

Қысқаша мазмұны

Нақты ақпараттар

Показать ответ
Ответ:
Tigeriza
Tigeriza
13.06.2021 06:30

А мәтіні

Қысқаша мазмұны:Аты аңызға айналған жеті қарақшы өткен-кеткен адамдардың заттарын ұрлай бергендіктен,оларды барлық бірге қуды деседі.Олар қашатын жер таба алмай аспанға қашып жеті жұлдызға айналады.

Нақты ақпарат:Нақтырақ айтар болсақ,ежелде ата-бабаларымыз сол Жетіқарақшы шоқ жұлдызына қарап адаспай жол тапқан.Ол аңыз әлі күнге дейін халық көкейінде сақталған.

Ә мәтіні

Қысқаша мазмұны:Саяхаттау кезінде елді дұрыс таңдай білген жөн.Алайда барлық елдер қауіпті емес,ол онда тұратын адамдарға байланысты.

Нақты ақпарат: Саяхат ол адам үшін демалыс секілді.Әр қалада сені халық өз тарихын көрсетіп жақсы құрметпен қарсы алып,салт-дәстүрлерімен таныстыруы өтірік емес.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота