В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
kimdana1
kimdana1
24.02.2021 12:25 •  Қазақ тiлi

Мәтіндерді оқып,. көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдеп жазыныз . 1-мәтін
Адам құқықтары мен бостандықтары – жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері адам құқықтары мен бостандықтарына жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда адам құқықтары мен бостандықтары жасалған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында баяндалған.

EXPO-2017: Болашақ энергиясын дамыту
Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу Қазақстан үшін маңызды жалпыұлттық жобалардың бірі болып табылады. Аталмыш кең көлемді іс-шараны ұйымдастыру бастамасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. 2012 жылдың 12 маусымында Париж қаласында ХКБ-нің (Халықаралық көрмелер бюросы) 151-Бас Ассамблеясында Астана қаласының ресми таныстыру рәсімінің басында Қазақстан Президенті делегаттарға арнайы
бейне-үндеу жіберді. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жеңіске жетуі жағдайында жобаның сәтті жүзеге асуы үшін бар күш-жігердің жұмсалатынына кепілдеме берді. Астананың ұсынған тақырыбы – «Болашақ энергиясы» – баламалы қуат көздері мен «жасыл» технологияларға арналған.2012 жылдың22 қарашасында халықаралық бюроның 161 мүше-мемлекетінің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Астана қаласы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны деп тағайындалды. Астананың өтінішін 103 мемлекет қолдады. EXPO-2017 бұрынғы кеңес мемлекеттерінің бірінде өтетін жоғары деңгейдегі алғашқы көрме болмақ.Көрме 10-маусымнан 10- қыркүйекке дейін үш айға созылады. Оған әлемнің шамамен 100 мемлекет және 15-тен астам халықаралық ұйым қатысады деп жоспарлануда. Көрмеге 5 миллиондай келіп кетушілер болады деп күтілуде.EXPO-2017 тақырыбы – «Болашақ энергиясы» әлемде қуатты үнемдеудегі ең үздік технологияларды, күн, жел, теңіз, мұхит және жылы су энергиялары секілді баламалы қуат көздерін пайдаланудың жаңа жасақтамалары мен технологияларын тартуға мүмкіндік береді. Астана аталмыш саладағы үздік әлемдік жасақтамалар мен үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаңға айналмақ. Сонымен қатар, көрме мемлекеттің ғылыми базасы мен өндірістік қуатының технологиялық жаһандануы және экономиканың жүйелік әртараптандыруы үшін қуатты түрткі болмақ. Себебі энергия – адам тіршілік әрекетін дамыту мен ынталандыру үшін жағдай туғызатын табиғи негіз. Энергия социумдар моделін сақтауды қамтамасыз етеді, яғни, көптеген аспектілерді біріктіретін түсінік ретінде ғаламзат, жекелей алғанда, адамзатқа қатысты қызықтырушы мәселелерді тудырады.

Показать ответ
Ответ:
Kristina1536289
Kristina1536289
25.12.2020 16:00

эссе жазу осы тақырыпқа

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота