Мәтіндегі қою әрпімен жазылған сөздердің мағынасын анықта. Олардың жасалу жолдарын көрсет. Мысалы: әліппесі- әліппе (түбір, зат есім), -сі (тәуелдік жалғау, 3 жақ)
Сөздер: әлеуметтенуінің; іргетасы; әліппесін; өмірлік дағдыларды; көңілі тоқ болуы; табиғи; жасөспірімдер; сенімсіздік; құнсызданады; сес көрсету; шиеттей; жоқшылықтың; санасы.
іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Қазақ ұлтының ұлағатты ұстазына айналған Ыбырай ата Алтынсарин жайында көп жазылғаны, еңбектерінің егжей-тегжейлі зерттелгені рас. Алайда көп жайт Кеңес дәуірінің саясатына орай бұрмаланып көрсетілді. Ол үшін кітап, мақала авторларына кінә артып айыптай қарағаннан гөрі түсіністікпен байыптай қараған жөн деп ойлаймын. Өйткені, олар солай жазуға мәжбүр болды, заманы соны талап етті.
Ыбырай ата өмір сүрген заманда Ислам дінін ұстанған халыққа одан алшақтау, оған қайшы келетін дүниелерді ұсыну киынның қиыны болатын. Басқа елдің салт-дәстүрін, өмір сүру әдетін, әдебін балалар түгілі, үлкендер де ол кезде біле бермейтін. Сондықтан да ұлы ұстаз басқа тілдерден аударған шығармаларын қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, діні мен діліне жақындатып, мақал-мәтелдер, «Құдай Тағала», «Алла жар болсын», «Шүкір» деген сияқты халықтың күнделікті қолданып жүрген, өздеріне етене жақын сөздерін қосып, қарапайым қазақы ұғымға лайықтады. Мұны Ыбырай мұраларын зерттеуші ғалымдар білгенімен де түбін қазып «Алла», «Құдай Тағала» деп қазақыландырған, діннің тәрбиелік жағын алған дегенді айта алмаған. Айтқандардың жазғаны жарыққа шықпай, қапасқа қамалған. Мұхтар ата Әуезовтің 1927 жылы Қызылордада жарық көрген «Әдебиет тарихы» сондай «қапасқа қамалған» кітаптардың бірі еді. Араға 64 жыл салып 1991 жылы «Ана тілі» ба қайта жарық көрді. Осы жинағында автор «кейде дін өсиетін үлгі қылып ұстайды. Зар заман ақындарының ішінде дін сарынын шығарып, дін мейманалығын көп ұсынатын ақын Алтынсарин»,- деп жазған болатын.
Сол «дін мейманалығын көп ұстанатын» ақын атаны кеше Кеңес дәуірінде атеист етіп көрсеткеніміз шындық.Педагогикалық, діни, т.б. көзқарастары жайында сөз қозғағанда да орыс, Батыс, Еуропа педагогтарының бала тәрбиелеу, оқыту жөніндегі ой- мақсаттарын қазақтың ұлттық педагогикасымен қалай ұштастырды, мұны да айту оңайға соқпады. Өйткені халық педагогикасының негізі – Ислам, түркілік дүниетаным. Бала тәрбиесінде ол кезеңде, әсіресе, мұсылман діні қағидаларының атқарған рөлі зор болатын. Ол әрқашанда бірінші орында тұрды. Мұны кеше айта алмағанымыз рас. Егемендігімізді алдық, ақтаңдақтардың орнын толтыру енді бізге міндет. Ыбырай ата шығармашылығын, педагогикалық қызметін зерттеуде кеткен басты кемшілік – сол Ислам дінін айтқызбаудан туындағаны қазір айдан анық көрініп отыр.Ыбырай, Абай, Шәкәрім аталардың дінге көзқарасы жайында сөз болғанда көбінесе ұлы ұстаздың «Мұсылманшылықтың тұтқасы», қазақтың бас ақынының отыз сегізінші қара сөзі, Шәкәрім атаның «Мұсылманшылық шарты» ғана айтылып, басқа дүниелері сырт қалып жүр. Жоғарыда аттары аталған үш данышпан ойшылымыздың дін тақырыбы барлық шығармаларына тән. Осы жайтты ескере отырып ұлы ұстаз дүниетанымы хақында әңгіме қозғағанымызда жазған-сызғандарының бәріне дерлік көңіл бөлдік.Ұлы педагог шығармаларындағы адам аттары, олар кімдер еді? Соны іздеп кім екендігін, қандай іспен айналысқанын, Ыбырай атаға қатысын, кісі болып қалыптасуына әсер-күшін анықтау, сөйтіп оларды кейінгі ұрпаққа таныстыру да бізге, бізден кейінгі ұрпаққа да үлкен борыш.
Ыбырай ата шығармаларындағы жер атауларының тарихы – ел тарихы, кешегі өткеніміз, ата-бабаларымыздың жүріп өткен ізі. Мәселен, Қостанайдағы Ыбырай ата мовзелейі тұрған жер Ақбейіт деп аталады екен. Мұны екінің бірі біле бермейді.Балғожа биге тастан қалап зәулім биік ақ күмбезді там орнатыпты. Сол там мұнарасы күнмен шағылысып алыстан көзге шалынады екен. Сондыктан да Ыбырай ата-бабалары жерленген бұл жер «Ақбейіт» аталыпты.Алтынсариннің үш жұрты – туған-туыстары мен нағашы, қайын жұрты жайында аракідік әртүрлі еңбектерде айтылғанымен, толық мәлімет беріле бермейтін. Нағашылары төңірегінде жазылған кейбір мақалалардағы адам аттарында, туыстық жақындықтарында, т.б. жансақтықтар да бар.