В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Lerochka1998
Lerochka1998
10.04.2021 05:39 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөзді терге, емле ережелеріне сүйеніп түзетіңдер, редакцияландар сарқытынішу.Қазақ дәстірүн де бір туар ұлы адамдардың ел билеген жұртқа қадірлі игі жақсылардың асының сарқытын ішу әдеті болған.Бұл " сол кісінің жақсы қасиеттері жұғады" деген нанымсенімге байланысты істелінген ырым

Показать ответ
Ответ:
fox16319
fox16319
21.12.2020 10:14

Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты. Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл бұғауды тосырқап, тілі байланып, жан ұшырған.

– Аға, біз қыпшақ, атам аты Ерторы, әкем аты Құлпейіс, анамның сүт кенжесі Кенжебекпін, – деді бала көзі жасаурап, мөлтең қағып.

– Балам, сен мені жылқышы ата дерсің, – деді қазақ шал түсі жылып, – құдай аламанға кезіктіріп, таландыға бір түскен екенсің, бекер жаси берме. Ай-Күн жарықсыз болмас.

Ат құлағында ойнап өскен қыр баласы сол қырғын күнгі мың жылқысын қорыған қыпшақтың шетінен сүйекті, сай тасындай ірі, сом білегі тізеден келетін үш ер азаматының қасында шоқайып, өзі тіленіп, ат арқасынан түспей қойған. Қырық қаралы теке түрікпен* жер астынан шыққандай, жусаған жылқыға андыздай тигенде аз қыпшақ сүйірленіп, найза кезене, қарсы шабуылға қасқая ат қойды. Ешбірі тірі қалмасын білген, өлсе, жастығын ала өлмек. «Жал-жал құм арасына қаш! Қалың жыңғыл, сексеуілді панала, тез тығыл, жотадан ассаң, жау таппай қалар, құтыл, бауырым!», – деп бірі артына қарайлай бере, Кенжебекке жанұшыра айқайлаған.

Кенжебек астына мінген дегдар тұяқты жануар қиқу тиіп, құйрық-жалы нөсердей құйылып, дүр сілкінгенде желдей ескен мың бас жылқыдан үркіп, кісінеп салды. Ойдым-ойдым құм арасы жылқы жаюға қолайлы болғанымен, ат күрмеліп, шаба алмайды. Бала ішіне шоқ түскендей, айнала үшеуін, батыр ағаларын ажал сұмға қимай, көн садағын қолға ала ұмтылды. Омыраулай қарсы келген жалбыр бөрік дәу түрікпен ат үстінен қарғадай баланы жұлып кеп алды. Ұрыста жазым болып, қосақ арасында бекерге өлмесін деп ол баланы алдына лақша өңгере салды.

Жылқы күзеткен арыстай үш жігіт ұрыста өліп, Ерторының немересін табын-табын жылқымен қоса теке түрікпен олжалап, күнбатыс еліне айдап әкеткенін естігенде, тұсауы кесіле сала ат арқасына мінгізген қыпшақ елі ұлардай шулап, қатындар дауыс сала, бет жырта жылап, аһ ұрып қала берді.

– Қай ноғайсың? – деп сұрады бала іркілмей.

– Қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген мен бір қаңлы.

– Қаңлы ішінде қай аталық? –деді бала ересек адамша сыр тартқысы кеп.

– Тегін сұраған жат болмайды. Қаңлы десем, көгім қазақ дегенім, қарағым. Бабам азан шақырып қойған есімімді, сүйегімді жариялап айтпай-ақ қояйын. Сен сұрама.

Кенжебек жалшы шалдың ата тегін, руын дәл атауға құлықсыз екенін, батпандай құпия қайғысын нұры тайған көзінен ұқты. Әйтпесе тұқымы асыл болса астындағы атына өз тайпасын қосақтай айтуға шалт қазақ нәсілінен ғой.

– Ат басы мен ер басы қайда қалмайды, – деп күрсінді шал.

Ошақтағы от жалын кеміп, көлеңкелер бұға қалғандай, жатаған сексеуілге айналғандай елестеді.

– Сен, қарағым, алаңсыз ұйқыңды қандыр. Түнгі күзет мына менікі, атаңдікі, – дегенде жылқышының дауысы ерекше жұмсарды. – Тасқұл атаң жалғыздық сүрейге әбден еті өлген.

Ол қыпшақтың еркек баласын жортуылшы топ олжалап әкелгенде қатты тіксінді. Кенжебек теке түрікпенге тұтқынға түскелі қолына құрық ұстатып, жылқы бақтырды. Бала қасындағы үзеңгілес серігі қазақ болып шыққанына әкесін көргендей қуанды.

Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады. Түрікпен жылқысы шетінен аққу мойын, тік сирақ, бойы биік келеді, аяғын қаз басқанда ерен бекзат жануар болар ма, соны көргенде арқасы қозды. Бұрын көз үйренген қыпшақ, адай, алаша, шекті жылқысының шомбал мүсіні қораш сезіліп, шоқтығы биік, сымбаты көркем текежәуміт тұқымды жылқы малсақ ұлдың көзіне оттай басылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Tedzs
Tedzs
31.08.2021 14:10
Мұғалжар тауы-Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 – 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған.
Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48" с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абсолюттік биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауы Ырғыз өзенінің салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады.
Климаты тым континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 18"С. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 21 – 25"С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм.

Мұғалжар тауы қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.

Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол.

Батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.

Ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырак жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана жарамды. Жануарлар дүниесі де дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота