В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
lincha3
lincha3
27.03.2020 07:47 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды сәйкестендір. Жануарлар мен өсімдіктер

Жануарлар дүниесі әр алуан болып келеді. Бізге белгілі жануарлардың түрлері жылдан жылға көбеюде. Жалпы жануарлардың 2 млн. түрі зерттелінді.

Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор. Олардан әртүрлі тамақ өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа) және өнеркәсіп шикізаттарын (жүн, тері, былғары, талшық) алады.

Ал өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды. Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі – барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы. Өсімдіктер ауаны әртүрлі шаң-тозаңдардан тазалайды. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды.

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де ауаны қажет етеді.

Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор.

Олардан әртүрлі тамақ өнімдерін және өнеркәсіп шикізаттарын алады.

Ал өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды.

Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі – барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы.

Өсімдіктер ауаны әртүрлі шаң-тозаңдардан тазалайды.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Артқа

Тексеру


Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды сәйкестендір. Жануарлар мен өсімдіктерЖануарлар дүниесі

Показать ответ
Ответ:
aldeerGroMo
aldeerGroMo
21.01.2022 03:50
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді
0,0(0 оценок)
Ответ:
alhanovak2
alhanovak2
14.08.2021 05:47

1)Әлеуметтік желі – белгілі бір категорияға жататын адамдарды ортақ қызығушылықтарына қарай топтастыратын интернеттегі қоғамдық сайт. Мысалы, Facebook бастапқыда Гарвард студенттеріне арналып бағдарламаланған. Сосын өзге де университет студентерінің тіркелуіне мүмкіндік беріледі. Ал біршама уақыттан кейін электронды поштасы бар кез келген адам аккаунт ашып, қолдана бастайды. Instagram – көбіне суреттерін бөліскісі келетіндерге арналған желі. Одан бөлек, Twitter, Vkontakte, LinkedIn сынды көптеген елдерде қолданылатын танымал желілер бар.

2)Қазіргі қоғамның 65%-ы ғаламторға күнделікті кіре алады. Демек бүкіл әлем халқының жартысынан көбі әлеуметтік желілер туралы жалпы мағлұматқа ие. Дегенмен сіз біле бермейтін өзге де қызықты деректер кездеседі. Сонымен кезекті қызықты фактілер топтамасымен таныс болыңыз.

3)Көк түсті желі

Facebook әлеуметтік желісінің түсті неге көк екенін білесіз бе? Мұның себебі өте қарапайым. Желіні құрған миллиардер Марк Цукерберг туылғанынан түстерді ажырата алмайды. Нақтырақ айтар болсақ, ол – дальтоник. Цукерберг тек көк түсті ғана анық көреді. Ал Vkontakte желісін құрастырған Павел Дуровтың да түстерді дұрыс ажырата алмайтын көрінеді.

4)Аймақтық желілер

Facebook, Vkontakte және Twitter сынды әлеуметтік желілерді білмейтіндер қоғамда сирек кездеседі. Ал ғаламтордан мұқият іздесеңіз, неше түрлі аймақтық желілерді де таба аласыз. Мысалы, mordawki.ru – тек үй жануарларының суреттерін жүктеуге арналған желі. Ал BeautifulPeople.com сайтына тек сұлу адамдар ғана тіркеле алады. Тіпті, қайтыс болған кісілерге арналған әлеуметтік желі (pomnim.pro) де бар.

5)Туған күнге шақыру

Сіз туған күніңізге қанша адамның келгенін қалар едіңіз? Тесса есімді неміс қызы 16 жасқа толу мерейтойына достарын Facebook әлеуметтік желісі арқылы шақырады. Дегенмен туған күнге шақыру постын жариялау кезінде «тек достарыма» деген батырманың орнына «жалпыға бірдей» дегенді басып жібереді. Нәтижесінде оның хабарламасын кез келген желі тіркелушісі көрген. Сосын Тессаның туған күніне өз қалауымен 15 мың адам келеді. Жергілікті құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері жиналған қауымды тарату үшін біршама тер төгіпті.

6)Құстар да Туиттерді пайдаланады

Мұндай жағдайды Бальдемар Дудум есімді латвиялық журналист жасаған. Құстардың туиттерде микроблог жазуы үшін терезесінің сыртына пернетақта қояды. Ал батырмалардың үстіне арнайы құстарға жем қалдырады. Өз кезегінде құстар азықтану үшін батырманы басып, күніне 150-ден астам микроблог жазып қалдырады екен.

7)Ғасыр қылмысы

Әлеуметтік желіде біреудің атынан тіркелгені үшін абақтыға қамауы мүмкін. Мұндай қатаң заңнама Мароккода қабылданған. Жергілікті университет студенті королдік жанұяның мүшесі атынан әлеуметтік желіде «өтірік аккаунт» ашқан. Қарапайым студент жасаған қылмысы үшін оқу орнынан шығарылып, үш жылға бас бостандығынан айырылады.

8)Фейсбук есімді қыз

Мысыр елінің азаматы жаңа туылған қызына «Фейсбук» деп ат қояды. Ол аталған әлеуметтік желінің елде жаңа билік (2011 жылы Мысырда халықтық төңкеріс болған) орнатуға тиімді платформа қызметін атқарғаны үшін осылай жасағанын айтады.

9)80 пайыз ата-ананың айтуынша, олар балаларының интернетте немен айналысатынын біледі. Алайда, балалардың 31 пайызы әке-шешелерінің ештеңе білмейтініне сенімді.

10)Бүгінде 5 компанияның төртеуі жұмысшыларды іздеу кезінде әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінеді

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота