Мәтіндегі кейіпкердің әрекетін сипаттап жаз . Жазылым барысында берілген ретті сақтаңыз . Басында Жоспарында Мақсаты Қазақстандық саяхатшы Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ , - деп хабарлайды Азаттық . 26 жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек . 2014 жылдың 1 мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады . « Сапарымда Қазақстаннан бастап , Өзбекстан , Түркіменстан , Иран , Түркия елдеріне барамын . Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын . Солтүстік Америкада АҚШ территориясын , Аустралия , Малайзия , Тайланд , Камбоджа , Вьетнам , Қытайды шарлап шығамын . Қытайдан кейін елге ораламын » , - дейді саяхатшы . Ол күніне 50 - ден 200 шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр . АҚШ - ты 100 күнде , Қытайды 90 күнде , Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ . Мағжан Сағымбаев : « Әр қаладан көрген - білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын » , - дейді .
Көшпенділер дегенде көбіне өз ата бабаларымыз есімізге келеді. Қазақтар бағзы заманнан қазіргі уақытқа дейін мал бағып малдың қамымен көшіп қонып жүре берген. Тек қана соңғы жүз жылдың ішінде индустрияландыру заманында және кешегі Сталиннің ұжымдастыруының есебінен орнықты өмір салтына көшіп кетті.
Көшпенді халықтар көбіне жылына кем дегенде екі рет көшіп отыратын болған. Жазда жайлауда кең жерлерде өмір сүрсе, қыста суықтан сақтану үшін тау бөктерлерінде пана жерлерді таңдайтын болған.
Көшпенді халықтар көбіне уақытын ат үстінде өткізген. Сонымен қатар олар үнемі мал үшін ыңғайлы жерлер іздеумен болған. Соның бір мысалы ретінде Асан қайғыны айтуға болады. Ал жақсы жерлер үшін талас та әрқашан қиын болған. Сондықтан олар көп соғысып жүрген.
Ауылдың ділмар,шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.
Балаға қойдың тілін жегізу - олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады.
Ақсақалдардың ақ батасын алу - Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.