Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.
1. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қайсы?
С) Фонетика
2. –шы, -ші жұрнақтары ақылы қандай сөздері жасалатынын анықтаңыз
С) мамандық атаулары
3. Жалғаудың түрің көрсетіңіз.
С) 4
4. Жалпы зат есімді табыңыз.
А) Орындық
5. Кімді? Нені? – қай септіктің сұрақтары екенін белгілеңіз.
Д) Табыс
6. Сын есімді табыңыз.
Е) Көкшіл
7. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.
С) Екі мұғалім
8. Есімдік пен зат есімнен тіркескен сөз тіркесін табыңыз.
Д) Бұның кітабы
9. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің санын табыңыз.
А) 3
10. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің санын табыңыз.
А) 3
11. Ол 1894 жылы туды. 1894 жылы сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз.
Е) Пысықтауыш
12. Антоним сөздерді табыңыз.
В) Алыс, жақын.
13. Сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз. Самат – ұқыпты оқушы.
С) Самат – аккуратный ученик.
14. Тек жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
Д) ә, ө, і.
15. Түбір жуан сөздерді көрсетіңіз.
А) Аула, ағаш.
16. Үнді дауыссыз дыбыстарды атаңыз.
С) м, ң, л
17. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.
С) Ғарыш
18. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
С) Егінші, бұрғы
19. Сан есімнің сұрағын табыңыз.
Д) неше? қанша?
20. Тиісті есімдікті табыңыз. Асқар, Абай, Айгүл - ... біздің үйге келді.
С) Бәрі
Ақшақар.