Мәтінді тыңдап, (59-бет) Дұрыс/ бұрыс ақпаратты анықтаңыз. Дұрыс ақпаратқа «+» белгісін, қате ақпаратқа «-» белгісін қойыңыз. Ақпарат
Дұрыс +
Бұрыс-
1. Түркілер әлемді төртбұрышты деп қабылдадаы.
2. Түркілер күнкөріс үшін табиғатты зерттеді.
3. Көшпенділер даланы тек күнмен байланыстырды.
4. Қазақтар аспан денесін жұлдыз деп атады.
5. Темірқазық жұлдызына қарап жолды анықтады.
6. Темірқазық жұлдызының қасындағы екі жұлдызды ақбоз ат пен торы ат деп атады.
7. Жетіқарақшы жұлдызын күнтізбе ретінде пайдаланды.
8. Олар аспан картасын жасады.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.