В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Мегамозг0511
Мегамозг0511
20.09.2022 03:24 •  Қазақ тiлi

Мәтінді тыңдаңдар 16 аудио.киммен таңыстындар​

Показать ответ
Ответ:
ViWell
ViWell
30.05.2023 07:55
Бүгінгі қазақ киносында актерлердің арасынан өнеріне көңілім толатын, ойнаған рөлдерін, сомдаған кейіпкерлерін керемет ойнап шығатын Берік Айтжанов туралы сөз қозғасам. Қызылорда өңірінің тумасы Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. 3 жасында өнер ордасы Алматыға көшіп, балалық шағы мен жастық шағын оңтүстік астананың Іле ауданында өткізеді. Әкесі агроном, анасы бала-бақша қызметкері болған. Ата-анасының «жүз қайнаса да, сорпасы қосылмайтын» шығармашылыққа қатысы жоқ баланың актер болуы қызықты тарихқа байлаулы. Салмақ жетіспеушілігіне байланысты әскерге қабылданбаған болашақ актер көптеген мамандықтардың дәмін татып, сынап көрген. Алайда, жүрегіне жақын мамандықты таппаған соң, уақытша мейрамханада бармен болып қызмет атқарып жүрген. Мейрамханада сән агенттігінің өкілі Беріктің киноға сай сұлбасын көріп, кастингтен өтуге шақырады. Түсірілген суреттер киногерлердің қолдарына тиіп, Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінің кастингісіне қатысады, бірақ жолы болмай фильмнен шет қалады. Осы алғашқы сәтсіздіктен кейін Берікті кино әлемі қызықтырып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуге бел буады. Осылай өнер саласына бағын байлап, болашаққа нық қадамдармен аяқ басады. Алғашқы кинодағы дебюты әйгілі «Біржан Салдың» режиссері Рымбек Әлпиевтің «Қасқыр уақыты» атты фильмінде Қалтай рөлін сомдаумен басталады. Бұл фильмде Берік Ақан байдың күңі рөлін сомдайды. Бұдан кейін актер өз шеберлігін Сламбек Тәуекелдің «Махамбет» фильмінде атақты батыр Махамбеттің рөлін сомдайды. Фильмде озбырлық пен отаршылдықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеп қана қоймай, Махамбет батырдың Айғаным сұлу арасындағы ғашықтық сезімдерін көрсетеді. Шығыс жекпе-жегімен айналысатын қазақ жігітін көрші Ташкент елінің режиссерлеріде байқап қалып, 12 сериядан тұратын «Застава» сериалына шақырту жібереді. Бұдан кейінгі кино өнерінде шет елде жүріп қазақтың қамын ойлаған Мұстафаға арналған, 2006 жылы түсірілген «Мұстафа Шоқай» фильмінде, Байдрахманды ойнайды(інісі). Берікті халыққа танымал еткен фильмді атамау кету, оның жасаған еңбегінің тең жартысын ұмыту дегенге саяды. Сондықтан, 2008жылы түсірілген Ақан Сатаевтің «Ағайынды» көпсериялы драмасын атамасқа амал жоқ. Себебі, Айтжановқа үлкен беделдікті әкелген Шыңғыс рөлі еді. Бұл көпсериялы драма ауылда тұратын үш ағайынды туралы. Басты кейіпкерлер - ағайынды үш жігіттің өмірі арқылы қала мен ауылдың тіршілігін: әке мен бала, жастар тәрбиесі проблемаларын, бүгінгі таңдағы қазақ ділінің ерекшелігін ашып көрсетеді. Бұл хикаяның сюжеті нағыз шынайы өмірден алынған. Күнделікті күйбең тіршілікте орын алатын әртүрлі жағдайлар, қала мен қала маңындағы ауыл адамдарының өмірі негізге алынған. Осы хикаяда басты рөлдің бірін Берік сомдап шығады. Айтжанов Шыңғыс есімді ынжықтығы бар, қайынжұртқа жалтақтығы бар азаматты сомдайды. Дәл осы сериал арқылы Берікті халық таниды. Бұл хикаяның халықтан алған алғысы мен құрметі шексіз болды. Осындай фильмнің жетістікке жетуі Беріктің актерлік шеберлегінің арқасы деп те айтуғ болады. Бұдан кейін тағы да 2010 жылы Ақан Сатаевтың қазақ кино тарихында алғаш рет «экшн» жанрында түсірілген «Ликвидатор» фильмінде басты рөлді Айтжановқа тапсырады. Фильмге жасақталған әртістік құрама мықты, өйткені мұнда отандық кино және театр өнерінің қаймақтары жиналған(бір эпизодта есіктен басын қылтитатын ит екеш иттің рөлін де 3 бірдей үміткер таңдалғанына не дерсіз). Бұндай сыннан өте алған актердің, көкжиегі кеңейіп өзіне деген сенімі артатыны белгілі. Жалпы бюджеті 2миллион доллар құраған фильмде Берік Айтжанов, Арсен есімді оққағар жігіттің рөлін атқарады. Арсен өзінің журналист ағасының кісі қолынан өлгендігін сезіп, кек қайтармаққа бел буады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
FLINTUSHKA2007
FLINTUSHKA2007
17.09.2020 00:48
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға, Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында? Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында, Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да. Мұхтар Шаханов Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар іргелі ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы -ертеден өз дәстүрін, өз мәдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп, қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып, қаймақтай ұйыған,туған тілді қадір тұтқан, ағаларымыздың қазақ әдебиетінде орны бөлек, әрі зор. Ал ұлт қазынасы болған, халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген сөзді қанға құйған ол әрине- тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық тілі! Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының үнін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын өткір тілмен торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қайсар рухпен -қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы. Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы.Ол қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Міне сондықтанда ұлттың болашағы - оның ана тілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып-«Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» (Массагет порталы) деген болатын. Ана тілі – тағдырдың басымызға жазған тылсым күші. Ол- ең ұлы , тамаша тіл. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Осыдан кейін өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Бірақ елдің бүгінгі күні бұрынғы КСРО қоғамыменде байланысты. Кешегі орыстандыру саясаты, бүгінгі тіл өркениетінің өспеуіне кері әсерін тигізуде.Сондықтанда бұл -қазіргі, көкейкесті мәселенің бірі. Шындығын айтсақ, тәтті өтірікті айтқанша, ащы шындықты айтқан дұрыс болар. Себебі елдің ертеңгі тұтқасы бүгінгі жастар. Қарапайым ғана мысал алсақ, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қазақ тілінде еркін сөйлей білуі міндет болып табылады.Бірақ қазіргі күні екінің бірі , мемлекеттік қызметте бола тұра оны білмеуі. Кейбір дүкендер, жұмыс бөлімдерінің тақтайшаларындағы сөздер, сонымен қатар ресми құжаттарда ( логикалық тұрғыдан алып қарасақта) қарапайым «Қазақстан» деген сөздің теріс жазылуы. Бұл үлкен қателік. Қазақ тілін біле тұра өзге тілде сөйлеу ол бүгінгіге сән, кешегіге ұят нәрсе болған. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Ал осыған қарап жас ұрпақтың бойына , ойына түзері көп.Солай дей тұра қазіргі күні қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыруға үлкен жұмыс жасалынуда. Соның бір кепілі ғаламтор жүйесіндегі «Әдебиет порталы», қазақ тілінде «Сұрақ-жауап» сайттарының пайда болуы. Бұл ана тіліміздің кішкентай болсын бүршік жарғанының белгісі. Кез келген мемлекет өз шекарасы шеңберінде көп этносты мәдениеттің әр текті сипатына қарамай, өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастыратыны сөзсіз. Ал ұлттық мәдениеттің өзегі — ұлттық тіл, ол халқымыздың тәуелсіздігінің тұғыры! «Тірі қалсам... Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» -деп әдебиеттің де, тарихтың да белгілі тұлғасы әрі сыншысы Әлихан Бөкейханов айтып кеткен еді. Биыл тіл жанашырының 150 жылдық мерейтойы. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл тіл жанашырының мерекесі себептен себепсіз болуы мүмкін емес.Біз жалпы ұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді,Мәңгілік тілді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел, Мәңгілік тіл - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел, Мәңгілік тіл! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде! Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!

арасынан тауып жазып ал)
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота