. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Ұлы Жібек жолы
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын
1. Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін белгілеп көрсет (1,2,3,4,5) .
1.Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен.
2.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды.
3.Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды.
4.Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді.
5.Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін.
Тіл туралы мақал – мәтелдер.
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
12. Тіл ақылдың - өлшемі.
13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.
14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
20. Ми ойлағанды тіл тындырады.
21. Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
22. Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
23. Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
24. Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
25. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.