Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес
Аквапарк - су бассейндерінің кешені, мұнда қолдан жасалған құламалар, айналмалар, тұғырлар, сарқырамалар, бассейндер және т.б. болады. Республикамызда көлемі 18 гектар бірінші аквапарк Қапшағай қаласында 1993 жылы 13 тамызда пайдалануға берілді, келесі жылы биіктігі 17 метрлік балаларға арналған құлама іске қосылады. Суды үнемі тазартып тұру үшін сүзгісі бар 18 сусорғыш орнатылған. Бұл аквапаркте бір мезгілде 5000 адам шомыла алады, оның аумағында кафе - бар, сауда орындары жұмыс істейді, құрал-жабдықтар жалға берілетін пункт бар.

Аквапаркте не бар?