Мәтінді түсініп оқы.Біз өлкетану мұражайына саяхатқа бардық. Мұражайдағы көне заттар қойылған бөлмеге кірдік. Мұражай қызметкері бізге көне қазанды көрсетті. Ол туралы әңгімелеп берді. - Қазақ халқының өмірінде қазанның алатын орны ерекше. Өйткені ол – ең басты тіршілік құралы. Халық оны жай ғана қазан демей, «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі «қасиетті, киелі, берекелі» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы қазанды сыйға бермеген, - деді.1) Мәтінді бөліктерге бөліп жоспар құр.2) Мәтіннен берілген сұрақтардың жауабын тап. Қоршап сыз.• «Қара қазан» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?• Халық қара қазанды неліктен қастерлеген?3) Мәтіннің мазмұны бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей етіп сұрақ құрастыр.
Мен болашақта кім болам?
Әрине әрбір адам болашақта бір мамандықтың иесі болады. Менің арманым болашақта ұстаз болғым келеді. Маған әліппені ұстатып сауатымды ашқан Қазиева Гулмира апай. Ол маған өзінің бар білгендерін үйретіп білім нәрімен сусындатып жүр. Сондықтанда мен өз ұстазым секілді болғым келеді. Ұстаз ол құрметті, зор мәртебеге лайық жандардың бірі. Ұстаз жалғыз өзі көптеген балалардын сауатын ашып білім беріп білгенін оқушылармен бөлісіп жүреді. Ғалымдар, жазушылар, шахтёрлар, кәсіпкерлердің де өзінің ардақты ұстазы болады. Биыл біз бастауыш сыныпты аяқтаймыз.”Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” - дегендей менде өз ұстазым секілді үлгілі мұғалім болғым келеді”.