В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
o0505
o0505
17.07.2020 08:21 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз / Прочитайте текст и выполните задания Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап,
жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. Сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз.
Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан
асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір
туралы, өзі жөнінде ойлайды. Теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден
ерте айырылды. Әкесімен бірге туған ағасы - Есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. Баласыз,
жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан - немере іні - Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о
да әке-шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтүтетіп отыр.
Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек
ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Күтпеген жерден қайын атасы есіне түсіп кетті. Тікбақай
тентек шал ел ішіне сыйымсыз. Отбасына да мазасыз. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан
қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден
«балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті.
1. Балықпен тіршілік етіп жатқан балықшылардың күнделікті күйбең тіршілігі қай жерде өтуде? *
A) Балқаш көлінің жағасында
Ә)Қарасор көлінің жағасында
Б) Каспий теңізінің жағасында
В) Арал теңізінің жағасында
2.Еламанның көңіл -күйі қандай? *
Жабырқау
Мазасыз
Сабырлы
Көңілді
3.Еламанның жанын мазалайтын не? *
Балықтар
Жолдастары
Жалғыздық
Өмір​

Показать ответ
Ответ:
FubZ1k
FubZ1k
19.06.2021 16:32
Халқымыз адам өмірінде тамақты тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Кез келген қазақы шаңырақтың  дастарханын ет тағамдарынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да төменде ұсынылған халқымыздың ұлттық ыстық ет тағамдары сіздің дастарханыңыздың шырайын одан әрі аша түседі деген сенімдеміз. Салтымызды құрметтеп, қазір де осы тағамдарды ұмытпай, әзірлеп жүрейік.
Қазақтың ұлттық тағамдарына бешбармақ, бауырсақ, қуырдақ қымыз, шұбат құрт және т.б. жаттады. Қазақтардың тағамдары өте ерекше. Олар көбінесе еттен жасалады. Бешбармақ деп атаған себебі оны бес саусақпен жейді. Ал шұбат пен қымызды жылқы мен түйенің сүттінен алады. Ал құртты сиырдың сүтінен жасайды.
Наурыз көже.  22 наурыз мерекесіне ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оны әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы ет мүшелерін қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол баршаны мейірімділікке, ізгілікке, бірлікке, татулыққа шақырады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Yana200652
Yana200652
12.09.2022 08:03
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 20  жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

Тәуелсіздіктің  20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.

1990 жыл.

1990 жылы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың егемендігітуралы Декларация қабылдады.

1991 жыл.

1991 жылы тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік партия таратылып, қоғамдық мүлік билікке берілді.1991 жылы 24 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы қабылданды.

1991 жылдың 29 тамызындағы Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы болды. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.

Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.

Қазақстанда 1991 жылдың тамыз-қазан айларында Президенттің жарлығымен мынадай қайта құрулар болды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Одаққа бағынышты кәсіпорындардың Қазақ КСР үкіметінің қарамағына түбегейлі өтіп, республикада алтын қоры мен Алмас қоры, т.б. құрылды.

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

1991 жылы 16 қазанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды.

1991 жылы Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.

1991 жылы 16 желтоқсан күні -

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы қабылданды.  Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің  ішінде ең соңғы заңы болып табылады.

Осы күні Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қа­зақстан Коммунистік партиясы Орта­лық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.

 

1991 жылы 12 желтоқсан күні - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота