Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. ...Еламан әбден қас қарайғанша тұрды. Ай туған жоқ. «Ертең күн шағырмақ, ашық болар», - деді Еламан. Ертеңіне бұл тіпті ерте оянды. Түнімен тырп етпей шыққан Ақбаланың ұйқысын бұзғысы келмеді де, төсектен ақырын түсті. Үй ішінде де сыбдырсыз ақырын қозғалып, кеше жатар алдында пешке жайған киімдерін киді. Күндегі әдетпен бүгін де түннен қалған бірдеңені талғажау етті де, Ақбала екеуі «жылауық неме» деп ат қойған жаман есікті сықырлатпай ақырын ашып, сыртқа шықты. Еламан теңізге тартты. Бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, сірә да, маңындағы кісі-қараның бар-жоғын байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір жөнінде ойлайды. Өзі жөнінде ойлайды. Өзінің теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айрылды. Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Қас қараймай тұрғанда, үйге тезірек жеткісі кеп еді; бірақ жалғыз кісіге ой үйір келе ме, күтпеген жерден қайын атасы есіне түсті. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге шаптырып осқырынып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам» деп хабар жіберіпті. Бұған Ақбала қатты қуанды. Қыз дәурені қырда өткен Ақбала теңіз өңірінің тірлігіне үйрене алмады. Жаз аптап, ыстық. Маса. Сона. Балық сасыған ауа да бұған жат. Балықшы жігіттің босағасын аттаған күннен бастап сыртқа шықпай, үйге тығылып алды. Ауыл-үйдің арасында ала көз, күңкіл көбейді: «Жабайы»,- деді. «Тәкаппар», «менмен» деді. Ақбала бәрін естіп, бәрін білсе де, иманы селт еткен жоқ. Ауылдас әйелдер айтса айтқандай менмен, тәкаппарлық па, әйтеуір қасақана әлгілерге «Ал, көр! Көріп ал!» дегендей, тәкаппар басын шалқақтата тік ұстап, аяғындағы қылмиған қазық өкше етікті аналар іші күйсін дегендей сықыр-сықыр басып алдарынан өтер еді.
1-тапсырма
Үзіндіде көтерілген мәселені анықтаңыз. Сол мәселе бүгінгі күні өзекті ме? Ойыңызды ПТМС формуласы арқылы жеткізіңіз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,...»
Екінші сөйлем «Себебі, оны былай түсіндіремін…»
Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын… »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».
2-тапсырма
мінезді адамдар кездесе ме?» деген сұраққа жауап беріңіз.
Кейіпкер Мінездеме Бүгінгі таңда осындай мінезді адамдар
кездесе ме?
Ақбала
Еламан
Компьютердің пайдасы мен зияны
Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдасын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен компьютердің пайдасымен қатар, зияны да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Желіде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын.
Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін.
17-жаттығу.
Ребус
1 - бір
лақ " - л
'''керік - ік
Жауабы: бірлік.
Бақыттың кілті – бірлікте.
Бірлік – таптырмас бақыт.Бірлік және бейбітшіліксіз әлемді елестету мүмкін емес.Олар болмаса адамдар бір-бірімен қас болып,әлем алға жылжымай,қоршаған тіршіліктің күйреуіне әкеліп соғар еді."Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман" ғана нағыз бақыттың көрінісі.Бірлігі жарасқан, бейбітшілік сәулет құрған ортада өмір сүру – үлкен қуаныш.
Біздің елімізде қаншама ұлт өкілдері тұрады.Олардың тілі,мәдениеті мен дәстүрі де түрліше.Алайда оған қарамай біз татумыз.Өзге ұлт өкілдерінің тілімізді үйренуге деген құштарлығын көріп таң қаласың.Олар тіпті біздің тілде еркін сөйлеп,небір сөз,өлең оқу додаларында жүлделі орындарды иеленіп жүр ғой.Мен осындай бірлігі мен достығы жарасқан елде өмір сүріп жатқаныма мақтанамын!