В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
good129
good129
09.03.2020 13:04 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. ХІХ–ХХ ғасырларда а ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған а ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.

Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым салалары уақыт озған сайын а ң игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология а ң игілігі үшін екендігін пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.

Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.

Жазылым

Тапсырма. Ғылым мен технология дами келе адамзаттың орнын басады деген пікірге келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. Эссе көлемі 100 сөз.

Мне

Показать ответ
Ответ:
Neckbeardicus
Neckbeardicus
16.06.2021 22:05

Жазылым

Мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Әлбетте, бұған дейінгі адамдар қазіргі сымсыз телефонды, шаңсорғыш, планшет, сымсыз құлаққап жіне т.б. көрсе: "Мәссаған! Қалайша?" деп таң қалуы айдан анық. Иә, қазір ғылым мен технология қарыштап дамыған. Күн сайын ғалымдар өздерінің жаңа идеяларымен, туындыларымен бөлісуде.

  Робот, машиналар арқылы адам еңбегі азаюда. Мүмкін емес нәрселер мүмкін болуда. Лазер сәулелері арқылы адамдарға ауыр операциялар жүргізіліп, олар сауығып кетіп жатыр. Машиналар арқылы бір зауыттан адам қолымен жасағаннан әлдеқайда көп өнім берілуде. Бұрын көрмей жүрген адамдар толықтай көре алу мүмкіндігіне ие. Өзі ән айтып, тербететін бесік, өзі жүретін көлік, өзі еден сүртетін роботтар өте көп. Бұлардың барлығы да адамның қол еңбегін жеңілдету үшін жасалған құралдар.

  Ғылым мен технология адам әрекеті арқылы дамиды. Сондай-ақ адамзат ғылым мен технологияны дамытпай, бірқалыпты ұстай да алады. Роботтар адамзаттың көмегінсіз ұзақ жұмыс істей алмайды. Оған адамның ақылы, еңбегі қажет қой.Технологиялар адамзаттың орнын басса, әлемде зұлымдық орнаған болар еді. Роботтар адамға қарағанда күшті болғанымен, оларда басты нәрсе - сезім жоқ қой. Сондықтан да адамзат технологияның үстемдік етуіне жол бермейді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота