Мәтінді оқып, оның мазмұнын нақтылауға бағытталған екі сұрақ
құрастырып жазыңыз.
Отбасы – Отанымыздың ошағы
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне
көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ
жауапты іс-әрекетке тартып отырған.
Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп,
бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің
арасындағы дауды шешу, келіссөз
жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.
Сондай-ақ қазақ отбасындағы бала
тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп
жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның
өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі
маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу
отбасы мүшелерінің бір-бірінің
тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық,
адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ
отбасындағы арнайы жазылып
бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың,
шеше мен қыз баланың, әке мен
қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен
ененің, келін мен атаның, нағашы мен
жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің
арасындағы өзара қарым-қатынастары
әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің
ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер жапон
халқы басқалар үшін тұйық халық болса,
онда ағылшын халқы басқаларды
қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың
отбасындағы әр адам жеке өмірінің
құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен
айтсақ, ағылшындықтардың жаны
үйінен де жақын, яғни берік қамалмен
тең. Басқа халықтар үшін жанұя
қиыншылық пен қуанышты бірге
бөлісетін ең басты байлық болса,
ағылшын халқы қиыншылық кезінде
жақындарынан көмек күте қоймайды.
Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз
жауапкершіліктеріне алмайды.
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.
Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде.[1]
Объяснение:Үй иесі
Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап өткендей, жыл сайын елімізде кем дегенде 6 млн шаршы метр жаңа үй пайдалануға беріліп отыруы керек. Президент бірінші кезекте жарты миллионнан астам жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Пәтер мәселесін шешу үшін 1 млн шаршы метрге жуық жалдамалы тұрғын үй салуымыз керек. Және халыққа таңдау құқын беруіміз керек. Олар табысы орташа тұрғындарға арналған жалдамалы пәтерді ала ала ма? Әлде басқа мүмкіндіктер қарастыру керек шығар?
Бағдарлама жобасында бірнеше бағыт қарастырылған. Олар: жергілікті атқару органдарының «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы тұрғын үй салуы, кезекте тұрғандар мен жас отбасыларға арнап жалға берілетін үйлер салу, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры салатын тұрғын үйлер салу, дербес тұрғын үйлер, бюджет есебінен тартылатын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар.
Жоғарыда аталғандардың ішінде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» (ТҚЖБ) арқылы жас отбасыларға арнап салынатын жалдамалы үйлер мен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының үйлерін осы жолғы бағдарламаның жаңалығы деуге болады.
Жас отбасыларға арнап ТҚЖБ арқылы жалдамалы үйлер салу жобасын алып қарайық: бағдарламаға қатысушы банкте 8,5 жыл қаржы жинақтағаннан кейін жалға берілетін пәтерде тұра береді және оның коммуналдық шығындарын ғана төлейді. Жалдамалы пәтер құнының қалған 50 пайызын жинаған жас отбасы пәтерді сатып алады. Ол үшін пәтердің жарты ақшасын ТҚЖБ теңгемен, жылдық 4 пайыз мөлшерлеме негізінде 15 жылға несиеге береді. Аталған бағыттың басты артықшылығы - тұрғын үйді сатып алу үшін қосымша қаржы көзін іздеуді қажет етпейтіндігінде (ТҚЖБ-іне бюджеттен қаржы бөлудің қажеті жоқтығында).