Мәтінді оқы, төмендегі тапсырмаларға жауап бер. Міне, қазақ даласы қандай кең-байтақ!
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен таласқан мұзарт
шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау
арғымақтай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті,
арналы өзен, ну орманды көруге болады.
Байтақ ел, күн сәулелі Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті.
Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен көптеген ұлттардан
құралған халқының ауызбірлігімен де аты шықты.
Ел кіндігі Арқа төрінде ту тіккелі елордамыз тәуелсіз
республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына айналды.
Астана – елдің жүрегі!
Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей
Елтаңбамызды, желбіреген Көк байрағымызды, әуелеген Әнұранымызды
естігенде бойыңды ерекше сезім билейді.
Мұны көру, сезіну де нағыз бақыт емес пе?!
Үстеуді мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендір:
1 ерекше күшейткіш
2 бүгінде топтау
3 Арқа төрінде қимыл-сын
4 нағыз мезгіл
1. Несмотря на обстоятельства дел доложить, дать сведения о происходившем деле или о чьем-то служебном должности.
2. С середины 20 века это научное понятие- об обмене событиями человека с человеком, человека с автоматом, автомата с автоматом, обмен сигналов животных с растениями, знаки наследственности с одной клетки в другую, с одного органа в другую доставляющий.
3. Одной из понятии кибернетики- информация. Доставкой информации, приемом, изменением и сохранением этими проблемами занимается теория информации, исследовании информации применяется и методы математической статистики.
4. Информация может быть случаями, объяснениями, объемными, литературными, публистическими.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!