Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді, жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды. Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С. Сейфуллин және ақын Қ. Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н. Әбдіров, ғалымдар А. Чижевский және Е. Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Мәтін мазмұнын ретімен орналастырыңыз. Количество соединений: 4 Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Қайырымдылық көрінісі
Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады
Әр адамның жанында достары мен жолдастары болады. Бірақ олардың барлығы нақты емес. Кәдімгі шуақты күндерде көңілді болатын адамды әрдайым дос деп атауға болмайды. Бірақ қиын кездерде де, бақытты сәттерде де оны қолдайтын адам, сөзсіз, оны атауға болады.
Нағыз дос табу өте қиын. Осыншама уақытты бірге өткізген сияқты және бұл адам ешқашан сатқындық жасамайды. Бірақ содан кейін дұрыс адамдар осы жылдар бойы болғандығын анықтайтын жағдайлар бар. Дос - ашық, мейірімді, шынайы және жанашыр адам. Нағыз достық өте құнды, сондықтан достарыңа құрметпен қарау керек.
сделай мой ответ лучшим и отметь оцени