Мәтінді мұқият оқып, ішінен жалқы есім мен жалпы есімдерді көшіріп жазыңдар Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Бөрілі ауылында 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Әкесі Омархан мен Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған.Мұхтардың атасы мен әкесі Абай ауылымен сыйлас болған. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап өсті.
М. Әуезов өмір бойы Абай шығармашылығын зерттеді. Ол жас кезінде Семейде «Абай» журналын шығаруға қатысты. Кейін Абай мұралары бойынша ғылыми еңбектер, көркем шығармалар жазды.
Жазушының Абай туралы ең үлкен еңбегі - «Абай жолы» атты төрт томдық роман-эпопеясы болды. Бұл романның 1-томында Абайдың балалық шағы туралы айтылады. Жазушы бала Абайдың отбасы, өскен ортасы жайлы жазды.
Сөйтіп, Мұхтар Әуезов Абайды әлемге танытты.
Жалқы есім:Мұхтар Омарханұлы Әуезов;Шығыс Қазақстан;Абай ауданы;Бөрілі ауылы; Омархан;Әуез:Дінасыл;Абай Құнанбаев;Семей;"Абай" журналы;"Абай жолы" роман-эпопеясы
жалпы есім:әке;ата;әже;өлеңдер;балалық шақ;отбасы