Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. ХIХ ғасырдың аяғында қазақ халқын саяси жағынан қайта түлету қажет екенін айқын түсінген қазақ зиялылары қалыптаса бастады. Қазақ зиялылары арасында елжанды саясаткерлер шықты. Олар-көрнекті ғалымдар, жоғары білімді адамдар.
Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы" деген атақты алып шығады. Ахметтің саяси жолы 33 жасында басталды.1905 жылдан саясатқа араласты. Ол жер мәселесі жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болған.
Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы. Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болады, бірақ туысынан өр мінез, өжет жанды Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды.
Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескен, "шындықтың шырақшысы" атанған, халқы "аға" деп сүйіспеншілікпен әспеттенген Тәкен Әлімқұлов. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы-ауыл тіршілігі, адам тағдыры. Ол Абай, Махамбет секілді тарихи тұлғалардың өмірі жайлы көркем шығармалар жазды.
1. Мәтіннен күрделі, туынды зат есімдерді және туынды сын есімдерді теріп жазу.Из текста написать по 7 сложные имя существительное, 7 производное имя существительное и 7 производное имя прилагательное [2]
2. Мәтіннің мазмұны бойынша 2 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
Из текста определить 2 правдивых предложение. [2]
А)Тәкен Әлімқұлов - атақты күйшілердің бірі.
B) Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болды.
C) 1805 жылдан бастап саясатқа араласты.
D) Ахметтің саяси жолы отыз үш жасында басталды.
Тілдер күнін Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері мен ұлыстар әр жыл сайын тұрақты түрде тойлап келеді. Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы аянбай еңбек етіп жүр.
Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстан - ортақ үйіміз» тақырыбына мемлекеттік тілде эссе жазудан байқау өтті. Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы тіліміздің дәрежесін көтеруге бағытталған іс-шараны алғаш рет ұйымдастырып отыр. Байқауға қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері: Тараз қаласындағы Политехникалық, Болашақ, Медициналық, «Аспара», «Парасат» колледждерінің білімгерлері және мектеп оқушыларын қосқанда, барлығы 32 жас қатысты. Сайыс шарты бойынша, жасөспірімдер қосымша құралдардың көмегінсіз 1 сағат ішінде тақырыпты ашып, қағаз бетіне ойын анық жеткізуі тиіс еді.
Ал олардың шығармаларына қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің тәжірибелі мұғалімдері әділ-қазылық етті.
ответ
Жазда менің досым оңтүстікте демалды.Биыл мен оқуға түстім. Сен мектепті үш жыл бұрын бітіргенсің бе? Сіздер асханадан тамақ іштіңіздер ме ? Сіз қазақ тілі сабағында көп нәрсе үйрендіңіз бе ? Мен мектепте қабырға газетінің ректоры болдым.Сіз Көкшетау облысында болып қайтыңыз ба ? Сендер күнде дене шынықтыру жаттығуларын орындайсыңдар ма? Бүгін олар ауылға хат жіберді. Өткен аптада біз қазақ тілі сабағына көп дайындалдық. Кеше біз қонақтан кеш қайттық. Мұғалім бізге жедел өткен шақтың жасалуын түсіндірді.