Мәтінді мұқият оқып, автордың көзқарасын ажыратып, өз пікіріңізді білдіріңіз. Бал ашамын деп бәлеге қалған...
Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:
- Мен сендерге бір әңгіме айтайын, - деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. - Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, - деп жалғады ол сөзін. - Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас...
.-Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз.
Берген тамағын талғажау қыламыз. Екіүш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
- Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? - дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:
- Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің женуіміз қиын болады-ау! - деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіртб жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.
Dubai Mall" — Дубай қаласы орталығындағы үлкен сауда орталығы. Ол доллармен есептегенде 20 миллиардтық Бурж Халифа орталығының бір бөлігі есептеледі.
2008 жылы әлемді таңқалдырған ашылу салтанаты өткен бұл орталық 600 ден астам дүкендерден тыс басқада түрлі қызметтерді ұсынады. Оның 22 экранды кинотеатры және Лондондағы Режент Стрит Олимпия ойындары өлшеміндегі мұз сарайы және басқада түрлі кереметтері бар. Аталмыш сауда орталығы 2011 жылғы көрсеткішімен, яғни орталыққа келген 54 миллион кісімен әлемдегі ең көп адам келетін сауда орталығы аталды.
"Dubai Chronicle" интернет журналының мәлімдеуінше, "Apple" Орта Шығыстағы бірінші дүкенін осы орталықта ашу мүмкін екен.