Мәтінді мұқият оқы. Бос орындарды толықтыр. Берілген очерк о стилінде жазылған. Өйткені мұнда үлгілі
насихаттап тұр.
Қандай да бір халықтың өз дәстүрі, өз салты, өзіне лайық сый-сияпаты болады. Төркіндес ағайын
сахалықтар қазақ жазушыларына тосын жомарттық жасады. Алматыдан 5280 шақырым жырақта
жатқан Халарчинский тундрасы аталатын Мұзды мұхиттың жағалауындағы аумақты да, әдемі көлді де
алыстан келген ағайындарына тартуға тартып, аудандық атқару комитетінің шешімі бойынша «Қазақ
көлі» атады. Басына екі елдің мәңгілік достығын куәлендіретін діңгек орнатылды. Көлдің Қазақстанға
сыйлағаны жөніндегі жауапты қағазды құрметпен табыс етті. Төменгі Қолымада болған ақын-
жазушылар Мұзды мұхитты қызықтап, солтүстіктің ақ түнін жамылып тұрып, қонақжай, қажырлы да
қайратты сахалықтарға алғысын алқалады.
Оралхан Бөкей «Олонхо жері, Саха елі»
Қажетті сөздер: + Публицистикалық
+ Көркем-әдебиет
құбылысты
- адамды
оқиғаны
+ Артқа
Тексеру
T_v4...exe
Показать все
құлыным бақытты сен болғайсың.өркенің өсіп, келешекте елің мақтан тұтатын ер- азамат бол.аллам өзіңді алдыңнан жарылқасын.біз барлығымыз саған тілекшіміз.
бөбекке тілек
сеніменен атаң - әжең нәрленді,
әр қылығың ана жүзге әр берді.
сен арқылы бесік жақтан әкеңнің
құлағына шырылдаған ән келді.
әдемі ән еді, бәрі бірге тыңдады,
қуанысты, жүрек шат боп жырлады.
сенің әнің ал анаңның талай түн
тыныштығын төрт бөлгізіп ұрлады.
анаң әр кез сені жақсы көретін,
әлдиімен саған ән сап беретін.
қаз - қаз тұрды сосын оның бөбегі
бесігінде түн ұйқысын бөлетін.
барлығы да сені көрді, сені ұқты,
өйткені олар болашаққа сеніпті.
міне, сенің шаттығыңның бірі боп
күнтізбеде туған күнің келіпті.
қуанып жүр енді соған барлығы,
жақсы сөзді айтпақ саған ал бірі.
ал онсыз да саған тілеп жақсылық
барлығының өтпеуші ме еді әр күні.
сенің үнің боп естіліп көркем үн,
таусылмасын солар айтар ертегің.
болашағың жарық, нұрлы болсын да,
ертегі боп келсін тағы ертеңің.
сенің үнің күллі әлемді қаратсын,
жолыңа әр кез жақсылықты жолатсын.
келешектің соқпағынан сәулелі
сенің сәби жаныңдай ақ таң атсын.
әрбір күнің қуанышпен түрленсін,
азаматтық күнді тойлар күн келсін.
соны тілер барлық жүрек, өйткені
сен соларға шаттық болып сіңгенсің.
сенің сәби үнің болып тағылым,
жүрегінде қалып қойған бәрінің.
ертеңіңе есік қағар әр күнде
биік болсын талабың мен танымың.
1. Бір басты,екі тілді бір мақұлық,
Жүреді айдалада ырғатылып,
Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді,
Өзінің сөйлеспесе досты барып.
Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы
Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып,
Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып,
Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ,
Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық. (Қалам)
2. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (Кітап)
3. Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Көзге көрінбейді,
Бұл не? (Ауа)
4. Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама. (Кітап)
5. Астында төсегі бар салған тағы,
Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,
Теңізден салған жолы сайрап жатыр,
Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы. (Қалам)
6. Жаны жоқ, бірақ ізі бар,
Жетектеп өзің жүресің.
Сол ізді қайта зерттеп кеп,
Көп нәрсені білесің. (Қалам, жазу)