Мәтінді 2 рет мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз
Қазақ халқының қолөнері табиғи шикізаттарды пайдалана отырып, көшпенді халықтың қолданысына ыңғайлы сәнді бұйымдар жасайтын өндіріс.
Қолөнершілер көшпенді халықтың тұрмысына сай, мал шаруашылығына керекті заттарды өндіріп отырды. Олар ноқта, жүген, желі, құрық, ер-тұрман, кісен жасады. Мүйізден, мал және аң терісінен, сүйектен, тастан, құмнан, әртүрлі ағаштардан қолөнерлік бұйымдар жасап отырды. Музыкалық аспаптарды ағаштан жасады: домбыра, шаңқобыз, қобыз, сыбызғы және тағы басқалар. Қару-жарақтар: найза, садақ, қылыш, айбалта, қанжар және тағы басқа заттар. Ыдыс-аяқтан құмыра, торсық, күбі, кесе, қасық, құман, қазан т.б. Қол өнердің кеңінен дамыған саласы киіз үйдің заттары, киіз басу, жүннен мақта-мата, тон, көрпе-жастық, кесте тігу, ши орау, ағаш төсек жасау, бесік жасау. Сонымен қатар зергерлік бұйымдар моншақ, сырға, сақина, білезік, алқа және т.б.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнер жиынтығын айтады.
Назарға! (Деректер: https://maminclub.kz/ мәтінге өзгерістер енгізілді)
1. «Қолөнер» деп қандай өнерлер жиынтығын айтамыз?
[1]
2. Қолөнершілер түрлі бұйымдарды неден жасаған?
[1]
3. Қолөнердің қай саласы кеңінен дамыған?
[1]
4. Мәтіннен зат есім + етістік формасындағы 3 сөз тіркесін жаз
[1]
[2]
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Эссе жазғанда себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды, теңеу, эпитеттерді, деректі және дерексіз зат есімдерді қолданып, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жазыңдар. (60-70 сөз)
[7]
Ұсынылатын тақырыптар:
1. «Абай Құнанбайұлының табиғат туралы өлеңдері»
2. «Туған жерімнің табиғаты»
3. «Қазақтың ұлттық қолөнері»
4. «Қазақстанның көрікті жерлері»