Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз.
келесі жылдан қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап
өтіледі. бұл жөнінде бүгін астанада өткен түркі мен мәдени күндерінің
аясында кимск мемлекетінің 1 100 жылдығына арналған «еуразия қыпшақтары: тарих, тілі
және жазба ескерткіштері»» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым
алдан смайыл мәлім етті: «көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. біз
соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. сонда не істеуіміз керек?
(оқушы болсам жасау үшін кідіріс iсасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі)
мәтінде ары қарай не айтылуы мүмкін? қандай мәселе көтерілуі мүмкін?
мәтін жалғасын тыңдаңыз.
осының барлығын ойлай келе, өткен жылы үкіметке тағы да хат жолдадық.
nni бin anнайы өткізуіміз керек. ғылыми
1. "Ертең біз жол жүреміз" өлеңінің авторы - Мұқағали Мақатаев. Бұл өлеңде автор болашақ жайлы ой толғайды. Жат қылықтар мен жаман атаулыны артқа тастап, ертеңге күнге, яғни жарқын болашаққа тек жақсылықпен аяқ басуға шақырады.
2. "Жолдастарға", "Егер де айта алмасам айтарымды", "Болашақтың елшісімін," "Дұшпаның бар ма?", "Аласарып ай батқан", "Алпысқа келдіңіздер" т.б. көптеген өлеңдері бар.
3. Ақын туралы пікірлер:
Әбіш КЕКІЛБАЕВ:
М.Мақатаев — адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.
Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ:
Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз.
Қадыр МЫРЗА-ӘЛИ:
Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің.
Зейнолла СЕРІКҚАЛИЕВ:
Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы — болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы.
Әбділдә ТӘЖІБАЕВ:
Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.
Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.
Мұқаметжан ҚАРАТАЕВ:
...Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді.
Аңғармаппыз...
Қазақстан қорықтары.
Еліміздегі қорықтар жайлы айтпас бұрын алдымен «қорық» сөзіне анықтама беріп көрейік. Сөздікке сүйенер болсақ, «қорық дегеніміз – толығымен пайдаланудан алынып, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл жиынтығымен қоса, осы қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ». Қорықтардың басты мақсаты мен міндеті – осы қорық аумағында тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін осы қалпында сақтап, табиғи құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, жойылып бара жатқан түрлерді қалпына келтіру. Қорықтарда серуендеуге тыйым салынған, бұл - ғылыми әрі мемлекеттік маңызы бар мекеме.
Қазақстан Республикасының аумағында он қорық бар.
1. Ақсу-Жабағылы қорығы – еліміздің аумағында 1926 жылы ең алғаш болып ашылған қорық. Бұл қорық Түркістан облысы және Жамбыл облысында орналасқан.
2. Наурызым қорығы 1931 жылы Қостанай облысының аумағында құрылған.
3. Алматы қорығы – бұл қорық та 1931 жылы Алматы облысында құрылған болатын. Жер көлемі 71700 га.
4. Барсакелмес қорығы Қызылорда облысында 1939 жылы ашылған.
5. Қорғалжың қорығы 1968 жылы Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында ашылған болатын.
6. Марқакөл қорығы – еліміздің шығысында орналасқан қорық. Құрылған жылы – 1976 жыл.
7. Үстірт қорығы – еліміздің батысында, атап айтқанда Маңғыстау облысында орналасқан. 1984 жылы ашылған.
8. Батыс Алтай қорығы - 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысы аумағында құрылған қорық.
9. Алакөл қорығы – Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 1998 жылы ашылған қорық.
10. Қаратау қорығы – Қазақстандағы ең «жас» қорық саналады. Құрылған жылы – 2004 жыл, Түркістан облысында орналасқан.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен мамандардың айтуынша бұл Қазақстанның ұлан байтақ территориясына жеткіліксіз, сондықтан болашақта тағы 15 қорық құру жоспары бар.