МӘТІНІ ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
5-тапсырма. Өлеңді тыңда. Оқы.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарап ап,
Жаттығу оңай-ақ.
А)
Қақпаға туралап,
Теп допты, оң аяқ,
Қақпаға туралап,
Теп допты, сол аяқ!
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ!
Доп безек қағады,
Секіріп еденде
Біресе жоғары,
Біресе төменге.
Секіріп сондай-ақ
Жаттығу оңай-ақ!
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жаяйық!
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық!
Мұзафар Әлімбаев
Амал достық дегеніміз- достықтың шындыққа ұласқан түрі, оны айыру қиын, мүмкін емес деп те айтуға болады. Өкінішке орай, оны білдіртпегенше дейін, біле алмаймыз,амал достық қазіргі кезде көбіне кездеседі.
Сондықтанда қазіргілердің көзқарасы бойынша адамдар бір-біріне сенуден қалған. Сенгісі келсе де, ішінде бір күмән тұрады. Сол себепті де, достық ұғымының ауқымы тарылған деседі. Қалай десек те, достыққа берік, досы көп жандар да бар. Ұзақ достық қалай басталады дегенге келер болсақ, ол бала кезден басталады десек қателеспейміз. Ескі доспен кездескен кезіңізде, есіңіз шығып қуанатыныңызды еске түсіріп көріңіз. Расында, ескі достар, сол бала кезде бірге ойнап, бір күлген бал күндердегі жолдасыңыз. Ескі дос һәм жаңа дос деп бөлуіміздің өзінде күдік жатқан жоқ па?
Достыққа адалдық керек. Оған адал болам десеңіз, өзіңіз дос бола біліңіз. Ең бастысы – сенім. Досыңызға өзіңізге сенгендей сеніңіз. Сыйлы болыңыз. Жақсы көріңіз. Сенім бар жерде ұлы достық бар. Оның арты өмірлік сыйластыққа ұласады
әкесі құнанбай
анасы ұлжан
әжесі зере
Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы, Абайдың ұлы шешесі. Зеренің азан шақырып қойған аты - Тоқбала. Әкесі Бектемір Найман ішінде Матайдың Қойгел руынан шыққан сыйлы а есімді қызы, Жанәлі есімді ұлы болған.Жанәлінің бүрпағы - Иранғали мен Қабікен Оңғарбаевтар бүгінде Семей қаласында тұрады. Өскенбай би 5 әйелінен сүйген. 3ереден - Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған),Құнанбай, Тайбала туған 3ерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «Кәрі әже» деп атапты. Қартайған шағында құлағы естімей қалған 3ере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ал Абай өлеңмен оқып Зере әжесін үшкіретін болыпты. 3ере немерелері ішінде Ибраһимді алабөтен жақсы көрген. Абайды қойнына алып жатқызып, еркелете-еркіндете есірген ақылды, зейінді, жұмсақ мінезді, мейірімді 3ере немересіне Абай деген аяулы ат қойса, туған анасы мен кіші шешесі Ибраһимді - Телғара деп атаған.