Қымбатты, дос! арада аз күн өтсе де сыйлас, сырлас бола біліп, қызық-қуанышы мол күндерді бірге өткізген екенбіз. міне, енді қоштасар сәтте келіп жетті. массагеттің есігін ізгі ниетпен ашқан соң із-түзсіз кеткенге арым жібермеді, жылы лебіз білдіре отырып жөнімен айырылысқан да дұрыс шығар. әрдайым бірге болғым-ақ келеді, оған мүмкіндігім тым аз екен. бұдан серттен тайды, ант бұзды деген ой тумаса керек. расы сол, «біреудің жүрегін жаралап, көңіліне тиіп қалам ба? » деп қимай кетіп барамын. айтарымды қатты айтам, еркелетсем де солай, еркелесем де солай. өйткені, мен өз елімді, өз жерімді шын сүйген, мәңгі ғашық болған жан екенмін. мен – тіл маманы, филолог не журналист емеспін. тіпті, гуманитарлық ғылымдар тұрмақ жаратылыстану ғылымдарына да менің алған мамандығым, пәнім мүлде сәйкес келмейді екен. сондықтан, , мінезімде артық, кем тұстар болса кешіріммен, түсіністікпен қарарсыз деген үміттемін. қайыр-хош, сау-сәлематта болыңыз!