Мәтін мазмұны бойынша өз сөзіңізбен қысқаша сиапттама жазыңыз.
(ІІІ-жақта). Үлгі: Бұл мәтінде айтылған.
Кез келген жұмысты компьютерде орындау оған енгізілген ақпаратты
өңдеумен байланысты. Компьютер жадында сақталынатын немесе оны
пайдаланушы енгізген деректер мен программалар, әрі оларды өңдеуден
кейін алынатын нәтиженің барлығы ақпарат деп есептелінеді.
Қазіргі замандағы қоғам дамуының бір ерекшелігі – индустриалды
қоғамнан ақпараттық қоғамға өту кезеңі. Бұл кезеңді қоғамды
ақпараттандыру кезеңі деп атайды. Мұның негізгі себебі – ақпараттың
қоғамдағы, өндіріс пен шаруашылықтағы маңызы мен рөлінің артуына
байланысты. Кез келген ұйымның немесе кәсіпорынның қалыпты жұмыс
істеуі үшін материалдық ресурстардың (табиғи шикізат пен энергетика
көздері, еңбек пен қаржы ресурстары және т.б.) болуы жеткіліксіз екендігі
дәлелденді. Әрбір әлеуметтік, экономикалық немесе инженерлік жобаның
жасалынуы мен жүзеге асырылуы оның ақпаратпен қамтамасыз етілуіне
тікелей байланысты. Сондықтан материалдық ресурстармен қатар
ақпараттық ресурстардың жеткілікті болуы қоғам дамуының кепілі.
Соңғы жылдарда ұлттың немесе мемлекеттің даму деңгейі, олардың
дүниежүзілік рейтингі қоғамның ақпараттандырылуына тікелей байланысты
деп есептелінеді. Қоғамның ақпараттандырылуының техникалық бөлігі –
жедел әрі сапалы ақпарат алу мен жинақтауды қамтамасыз ететін
компьютерлік құралдармен жабдықталуы. Осы істің ғылыми негізі –
информатика. Информатика жаңа ақпараттық технологиялар (ІТ) мен
жүйелерді құрастыруға жағдай жасайды.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, адамзат қоғамының дамуына өте
зор әсер еткен оқиға – жазудың пайда болуы. Оның арқасында білімді
жинақтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу мүмкіншілігі туды. Бұл оқиғалар
(жазу мен кітап басу) адам өмірінің, мәдениетінің, өндірісінің күрт өсуіне
жағдай жасады.
XІX ғасырдың соңында электр қуатын пайдалану телеграф, телефон,
радио сияқты жаңа құралдарды пайдалануға мүмкіншілік берсе, ал XX
ғасырда ғылым мен техниканың, өндірістің үдемелі дамуының нәтижесінде
электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ) пайда болды. Бұл оқиғалардың
арқасында адам өмірінде, қоғамның дамуында ақпаратты өңдеу, сақтау және
жеткізу ісінде ғылыми-техникалық төңкеріс жасалынды деуге болады.
Қазіргі қоғамның дамуы «ақпараттық қоғам» немесе «білімдер қоғамы»
деп аталынатын өзінің жаңа формациясына (қоғам дамуының белгілі бір
кезеңі және соған тән құрылыс) өту жағдайында. XXІ ғасыр жаңа ақпараттық
технологиялардың (ІТ) адам қызметі мен өмірінде кеңінен пайдалануымен
сипатталынатыны көпшілікке мәлім. Осыған байланысты әрбір қоғамның
немесе мемлекеттің даму деңгейі олардың халқының жаңа ақпараттық
технологияларды игеру мен пайдалану дәрежесімен анықталады.
Жылы жаққа ұшатын құстар
Жылы жаққа ұшатын құстарды "жыл құстары" деп атайды. Наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Енді солардың ішінде кейбіреулеріне тоқтала кетейік:
Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.
Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді.
Шағалалар да жыл құстары.Олар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Шоғыр құрып тіршілік ететін түрлері де бар. Ұясын жерге, шың басына, судағы жартасқа шөптен жасайды. Ірі жәндіктермен, моллюскалармен, тышқан тәрізді кемірушілермен, балықтармен қоректенеді.
1)Халық даналығы дегеніміз атадан балаға,ауыздан ауызға тарап келе жатқан,халық арасында әр адамның басынан өткен,соған өз дұрыс шешімін тауып басқаға ақыл ретінде айтқан немесе осы күнге дейін жеткен даналықтары
2)Өйткені бұрындары адамдар соның бәрін бастарынан кешіп ойларын болашақ ұрпаққа ақыл ретінде қалдырғаны үшін
3)Данышпан дана деп Өте ақылды,мейірімді адамдарды айтады Мысалға өз халқымыздың бұрындары өмір сүрген зиялы қауымдарымызды айта аламыз
4)Болашақта дәрігер болар едім,өз халқыма бар жағдайымды алған білімімді уақытымды аямай таза еңбек етер едім
Каспий 87471481808 :) ыхыхыхыхыхых