Мəтін мазмұны бойынша төмендегі сөйлемдердің шын (Ш) немесе жалған (Ж) екендігін анықтаңдар. 1.сарқыламайтын ресурстарға біздің ғаламшарға қатысты процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады.
2.Ең алдымен табиғи ресурстарға ғарышты,Айды,толқындар мен теңіздерді жатқызуға болады.
3.Сарқыламайтын қор а тəуелді болып келеді.
4.Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3-сін алып жатыр.
5.Су ластану нəтижесінде сарқылады да,сарқылатын ресурстарға айналады.
Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі.
Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамның психологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді—ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр. Сондай-ақ зымырады, жүгірді, аяңдады дейтін сөздердің бәрі де қозғалысты танытқанымен, біреуінде эмоциональдық реңк (зымырады) басым, екіншісі қозғалыстың бәсеңдігін (аяңдады) көрсетеді. Мұндай нақтылық та сол сөздердің тура мағынасының арқасында мүмкін болып отыр. Сөздердің тура мағынасын тек етістік сөздермен ғана түсіндіріп қоймай, есім сөздермен түсіндірудің көптеген мысалдары бар. Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.[1][2]
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.
Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені)[1] — жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының сыбан тармағынан[2].

Ақтамберді жырау
“Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.[3]