Мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлем бөліктерін ( ) белгісімен сәйкестендіріңіз. 1 Мен – туралы өнегелі әңгімелерді де жиі айтатын.
2 Апам адамгершілік, мейірбандық үстел басында емен-жарқын отырып тамақтанамыз.
3 Ал кешке жұмыстан келгенде мереке, туған күндерде концерт қойып беретінбіз.
4 Кейде үшеуіміз концерттік бағдарлама жасап, үйдің кенжесімін.
1) Ол өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихы қиын болды. Жоңғар қалмақтарының қазақ жеріне баса көктеп кіруі. Халық басына түскен бас ауыртпашылықты Бұқар елімен бірге көрген.
2) Абылай хан- қазақ халқының әйгілі ханы, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре.
Оның заманындағы ақын жыраулар - Бұқар, Қазыбек би, Сырым Датұлы, Төле би және т.б.
3) Оның толғаулары:
Абылай ханның қасында
Ал тілімді алмасаң
Әй Абылай Абылай
Қазақтың ханы Абылай
Ханға жауап айтпасам және т.б
4)Бұқар жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген – белгілі фольклорист, ақын, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Біздің елімізде әлемнің жеті кереметіне тең келерлік ғажайыптар жеткілікті. Мысалы, Қазақстандағы тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Ал енді сіздің сұрағыңызға қарай Қазақстанның кереметі деп саналатын ескерткіштерді санамалап көрелік. 1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған. Оның көлемі – 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. 2.Тайқазан. Қожа Ахмет Яссауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна су сыяды. 3.Айша бибі мазары. Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ. 4.Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. 5.Алтын адам. 1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның киімі түгелдей алтынмен апталған. 6.Домбыра. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдеді. 7. Күлтегін ескерткіші. Күлтегін – көшпенділер тарихындағы ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бірі.
Всегда рала обращяйсья