В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Настюшкаvovk
Настюшкаvovk
03.01.2022 09:55 •  Қазақ тiлi

Мәтін бойынша 2 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз ...Қазақ елі Ұлы Отан соғысы біткен соң он үш жылдан кейін ғана Рахымжан Қошқарбаевтың кім екенін
алғаш білген. Ол кісінің ерекше ерлігінің көпке танылуына, кейінгі өмірінің басқа арнаға түсуіне бірден-бір
себепкер адам – ата. Мұны біреу білсе, біреу білмейді. Көнелердің қатары азайып, көзі кеткен сайын,
әсіресе кітап оқымай, ғаламторға емініп кіріп кеткен жастар бұл жағдайдан бейхабар.
Рахымжан аға Қошқарбаевты ата бірінші рет 1958 жылдың алғашқы күндерінің бірінде өзіне сәлем бере
келгенде көріпті. Майдангерлер тез-ақ тіл табысып, ұзақ әңгімелеседі. Атаның айтуынша, алғашында сөзін
суыртпақтап бастап, бірте-бірте бөгеті ағытылған судай ақтарылып жан дүниесінде түйдек-түйдек болып
түйіліп жатқан сырын да, ащы шынын да жайып салыпты. Рахымжан аға кете салып, ата Кәкімжан
Қазыбаевқа телефон соғып: «Тез жеткін!» – дейді қатаң түрде. Ағасының бұйрығын екі етпейтін әдетімен ол
кісі лезде жетеді. Аға келген заматта ата:
— Журналиспін дейсің! Дипломым бар деп мақтанасың. Журналиске, ең алдымен, сезгiр жүрек, көреген көз
керек. Соғыс біткелі бері он үш жыл өтті, Рахымжандай тарихи адамды күні бүгінге дейін көрмей жүрген
неғылған журналиссіңдер? Адам ерлік жасауды жоспарламайды. Ерлікті туғызатын сәт болады. Адамның
жақсы қасиеті де, жасық қасиеті де соғыста, тап сондай сәтте көрінеді. Мұндай сәт адамның ғұмырына,
керек десең ұрпақтан-ұрпаққа кететін өмірбаян, өсиет болып қалады. Рахымжан – сондай қиын-қыстау
сәтте асыл қырынан көрінген азамат. Ол қыры – жасаған ерлігі. Тағдыр оның өмірбаянын сол сәтте жазды.
Оның өмірбаяны – Отпен жазылған өмірбаян. Мен де төрт жыл соғыстың небір қияметін көрген жанмын.
Бірақ фашизмнің соңғы бекінісіне айналған Берлинді алғандағы соғыс, Рейхстагқа ту тігердегі сұрапыл
соғыс – ол нағыз жойқын қырғын! Рахымжан – Жеңіс жалауын желбіретіп Рейхстагқа тіккен батыр.
керек ​

Показать ответ
Ответ:
reaper3780p08ut7
reaper3780p08ut7
06.02.2020 06:53
33 минуты назад Мақал - мәтелдерМақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Цωετοζεκ
Цωετοζεκ
28.03.2022 02:23

Жоңғар шапқыншылығы - азаттық үшін жан берісіп, жан алысқан әрбір қазақ баласының қанымен жазылған тарих. Есімі кейінгі ұрпаққа тарихи жырлар мен аңыз­дар арқылы жеткен ержүрек сарбаздың бірі - Сартай. Әкесі мен анасын жоңғар әскері көз алдында аяусыз өлтіріп, бауыр­ларымен жетім қалған Сартай кек алсам деген мақсатпен ержетеді. «Жаужүрек мың бала» фильмі Сартай сынды жүздеген боздақтың тағдырынан сыр шертіп, бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, намысын шыңдай түсуге түрткі боларлық­тай.

Картинада XVIII ғасырда қазақ дала­сын­да билік құрған хандық, атақты билер, Әбілқайыр, Бөгенбай сынды хандар мен батырлардың бейнесі де тыс қалмаған. Ел басына күн туған заманда елдің тағдырын шешуге жиналған билер, хандар, батырлардың сөздері бір жерден шыға бермейді. Сол уақытта жоңғардың кесірінен жетім қалған Сартай, Таймас, Құралай сынды боздақ қыз-жігіттердің буындары қатып, жауға деген өшпенділіктері артып, кек алудың қамымен жүрген еді. Олар кезінде ата-анасыз қалғанда өздеріне пана болған ақсақалдан тәлім алып, тау-тасты паналап, соғыстың тәсілдерін үйреніп, шы­нығумен болды, сәті түскенде әр жерде қос­тарын құрып, алаңсыз жатқан жоңғарларға тұтқиылдап тап беріп, өздерінше соғысып жүрді, өздері сынды жетім қалған жасөспі­рім балаларды жасақтарына қосып алып, күннен-күнге көбейе берді. «Сартай деген батыр жасақ жинап жатыр» дегенді естіген жастар өз еріктерімен келіп жасаққа қосы­лып жатты. Осы кезде Сартайдың кішкен­тайынан бірге өскен Таймас досы қызғаныш­тан жарыла жаздап, атақ пен даңқтың тек Сартайға бағышталғанына күйініп, тіпті досын өлтіру­ге әрекет жасайды. Алайда Сартай аман қалып, кейін Таймас «Аңыра­қай» шайқасында Сартай үшін жан беріп, өздерінің «жаудан кек аламыз» деп бір-біріне берген сертін орындайды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота