Ә мәтіні Ақпараттық хабарлама 1 маусым күні сағат 10.00-де Республика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді. Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі. 1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің ба з қызметі. А мәтіні Ә А мәтіні Ә мәтіні Стильдері Қоюмен берілген сөздерге түсіндірме: Ерекшеліктері 2. Екі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз. А мәтіні Ә мәтіні Не туралы? Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
Отан - елдің анасы
Ер - елдің анасы
Отан қадіріне жетпеген,
өз қадіріне жетпейді.
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
Отан – оттан да ыстық
Отан қуат - отбасы шуақ
Отан отбасынан басталады.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Орағың өткір болса,қарың талмайды,
Отаның берік болса жауың алмайды.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Алтын ұяң – отан қымбат.
Ер - елінде,
Гүл жерінде.
Ел іші – алтын бесік
Ауылым - алтын бесігім
Өз елің – алтын бесігің,
Еңбекпен бағыт егіз.
Өзге елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Ел мен жер егіз.
Туған жердей ел болмас,
Туған елдей ел болмас.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Жат жердің қаршығасынан ,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.
Ұлтарақтай болсада,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болсада,
Туып өскен ел қымбат.
Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам отанын сүйеді.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Неке және отбасы - бұл ерлер мен әйелдер мен олардың балалары арасындағы қатынастарды реттейтін өзара байланысты әлеуметтік институттар. Неке дегеніміз - ұрпақ өрбітудің табиғи қажеттілігінен туған ер мен әйелдің әлеуметтік танылған одағы. Отбасы дегеніміз - мұндай одақ құрған және тайпаны (тұқымды) экономикалық жағынан қамтамасыз ететін әлеуметтік бірлік. Неке мен отбасы туралы нақты анықтама беру қиын, өйткені олар тарихта үлкен өзгерістерге ұшырады және олардың әртүрлі формалары пайда болды. Ғылымда некенің және отбасының бастапқы формасы туралы сенімді гипотезалар бар.