Соз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.
Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:Қайрат баяндады;балаларға баяндады;Досанмен болған;болған әңгіменің;әңгіменің мән-жайын;мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.
Сөз тіркесіне талдау 1) Байланысып тұрған сөздерді тауып аламыз. 2) Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының байланысу тәсілін табамыз. 3) Сөз табы, тұлғасы жағынан талдау арқылы байланыс түрін анықтаймыз. 4) Синтаксистік қатынасты көрсетеміз. Талдау үлгісі: Мен Әміредей әншіні бірінші рет кездестірдім. Мен кездестірдім. Жіктік жалғауының І жағы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы. 1) жіктеу есімдік, атау тұлғада, жекеше, 2) етістік, жедел өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-қиысу. Бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынас. Әншіні кездестірдім. Табыс септігінің жалғауы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы. 1) Зат есім, табыс септікте, 2) етістік, өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-меңгеру.
"Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын" Əр ел өзінің əсемдігімен,білімді адамдарымен мақтана алады.Білімді болу үшін шет елден білім алу міндетті емес.Оқимын деген адам өз елінде-ақ оқи алады.Білім кез -келген азаматқа керек дүние.Сен егер білімді болсаң сен кез - келген жерде қалаған кезіңде жұмыс істеп өз наныңды таба аласың.Əр бір бүлдіршін білім алуға құқылы.Жəне ол тегін білім ала алады.Оқу немесе оқымау ол əр адамның өз қолында.Кішкентай кезінен оқып білім алса ертең ол оқығанының жемісін көреді.Адам əрқашан ізденісте болуы керек.Жан-жақты білім алуына болады.Ол үшін міндетті түрде шет елде емес өз еліңде оқуыңа болады.Сол себепті əр ұлт азаматы өз елінде оқуына мүмкіндігі жетерлік.
Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:Қайрат баяндады;балаларға баяндады;Досанмен болған;болған әңгіменің;әңгіменің мән-жайын;мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.
Сөз тіркесіне талдау
1) Байланысып тұрған сөздерді тауып аламыз.
2) Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының байланысу тәсілін табамыз.
3) Сөз табы, тұлғасы жағынан талдау арқылы байланыс түрін анықтаймыз.
4) Синтаксистік қатынасты көрсетеміз.
Талдау үлгісі:
Мен Әміредей әншіні бірінші рет кездестірдім.
Мен кездестірдім.
Жіктік жалғауының І жағы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.
1) жіктеу есімдік, атау тұлғада, жекеше, 2) етістік, жедел өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-қиысу.
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынас.
Әншіні кездестірдім.
Табыс септігінің жалғауы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.
1) Зат есім, табыс септікте, 2) етістік, өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-меңгеру.
Əр ел өзінің əсемдігімен,білімді адамдарымен мақтана алады.Білімді болу үшін шет елден білім алу міндетті емес.Оқимын деген адам өз елінде-ақ оқи алады.Білім кез -келген азаматқа керек дүние.Сен егер білімді болсаң сен кез - келген жерде қалаған кезіңде жұмыс істеп өз наныңды таба аласың.Əр бір бүлдіршін білім алуға құқылы.Жəне ол тегін білім ала алады.Оқу немесе оқымау ол əр адамның өз қолында.Кішкентай кезінен оқып білім алса ертең ол оқығанының жемісін көреді.Адам əрқашан ізденісте болуы керек.Жан-жақты білім алуына болады.Ол үшін міндетті түрде шет елде емес өз еліңде оқуыңа болады.Сол себепті əр ұлт азаматы өз елінде оқуына мүмкіндігі жетерлік.