В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
aliko705
aliko705
28.01.2023 11:49 •  Қазақ тiлi

Мұражай – әр елдің тарихын, салт –дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Мұражай бірнеше топқа бөлінеді: тарихи мұражай, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражай, кешенді мұражай, мемориалдық мұражай. Әсіресе, қазіргі заманда жастардың қызығушылығы тарихи және көркемөнер мұражайларына баруды ұнатады. Астана қаласындағы маңызы бар мұражайларға шолу жасай кетсек:

1. Астана қаласының Қазіргі заман өнер мұражайы.

1980 жылғы 2 қазанда ашылған, отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған, жыл сайын мұражайға 70000 адам келеді, мыңнан астам іс-шара өткізіледі.

2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы.

Мұражай Президенттің қаулысымен 2004 жылғы 28 тамызда құрылған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері сол күйі өзгертілмей сақталған.

Келушілердің қызығушылығын бастапқы қалпын сақтап қалған мемлекет басшысының кабинеті оятады. Үстел үстіндегі жазба құралдары және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күннің атмосферасын тудырады.

3. Атамекен мұражайы

Астана қаласындағы аспан астындағы мұражай. 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. Онда Қазақстаннын барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 га алаңда (екі футбол алаңы) елді алақандағыдай көруге және оның сәулет-ландшафт тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала - Астана мен Алматы орналасқан. Жыл сайын жақын және алыс шет елдерден келген 10 мыңнан астам қонақ тамашалайды.

4. Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы

Қазақ халқының ең жарқын тұлғаларының бірі, ұлы ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жұмыстарын сақтай отырып, 1988 жылғы 21 ақпанында Астана қаласында өлкетану мұражайының бір бөлігі ретінде ашылған. Мұражай жанына ақыннын ескерткіші орнатылған. Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен, мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас келеді. Мұражайда 6000-ға жуық материалдар жинақталған.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

Мұражай 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылды. Бұл елдегі ең үлкен мұражай болып келеді. Жер телімінің жалпы ауданы 9,9 гектар, ғимараттардың алаңы 74 мың шаршы метр, экспозицияның алаңы 14 095 шаршы метр, қорлар 8 000 шаршы метр.

7 залдан, 8 қабаттан тұратын мұражай яғни, Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залдардан тұрады. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға беріп жатады. Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жобасы болып саналады.

Тапсырма. Мәтіннен күрделі зат есімді теріп жазып, қай түрінежататынын ажыратыңыз.​

Показать ответ
Ответ:
Anna7225
Anna7225
08.12.2022 15:09

Ғалым: - Сіз барлық заттарыңызды жинадыңыз ба?

Даяна: - Ия, алаңдамаңыз.

Ғалым: - Жақсы.

Ержан: - Сіз қайда бара жатқаныңызды әлі айтқан жоқсыз ба?

Даяна: - Мен жатақханаға бару үшін Алматыға кетіп бара жатырмын.

Ержан: - Түсінемін.

Анасы: - Сен бірдеңе ұмытып қалдың ба?

Даяна: - Ия, анам.

Анасы: - Сонда да, қазір такси келеді.

Әкесі: - Міне, сіздің чемодандарыңыз.

Анасы: - Барлық таксилер келді. Бәрі, әзірше, мен бір аптадан кейін келемін.

Даяна: - Қош бол.

Әкесі: - Жолың даңғыл болсын!

Ержан: - Жортқанда жолың болсын!

Ғалым: - Ат-көлігің аман, қоржының толы болсын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Annpi
Annpi
23.08.2022 21:38

Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

• Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.

• Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.

• Көпшіліктің алдында жалаңаш - жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

• Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.

• Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан ұлы жәндіктер болса ұшып түседі.

• Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.

• Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.

• Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.

• Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.

• Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.

• Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.

• Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.

• Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.

• Қос тымақ кигізбейді. Бұлай етсе екі қатын алады деп ырымдалады.

• Аяқ киімді тұрып киюге болмайды. Тек басына іс түскен кісі ғана аяқ киімді тұрып кимек.

• Ит көйлекті балаға жаны иттей берік болсын деп кигізеді.

• Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.

Объяснение:

Киімге байланысты ырым-тымдар

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота