М.Мақатаевтың "Қайран жеңгем" өлеңінен оқшау сөздерді тап. Су сұраса сүт берген, айран берген,Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем! Қарғаның валетіндей едірейіп, Қасыңа мына біреу қайдан келген? Апырай, суық еді сұрқы неден?! Адамға қарайды ғой сыртыменен. Жол көрсеткіш сақшының таяғындай, Қимылыңды бағып тұр мұртыменен. Жеңеше-ау, есіңде ме біздің ағай? Сыйласып отырар ек біз құдадай. Қанды балақ соғысты қарғыс атсын, Қайран жеңгем, шырқыңды бұзды қалай ? *
Қаратпа сөздер, шылау сөздер, одағай сөздер