Мәліметке қарай отырып хат жаз. Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және ба з орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.
Ауылдағы досың осы Медеуге барғысы келеді ақшасы жетпейді. Сен оған не айтасың?
Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылмық күндері басталды. Сабақ ерте бітеді. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды. Тапқыр, ықшамды Шоқан балалардың ішіндегі ең жатық, шебер ойнайтыны болып алды. Ойын үстіндегі айтыс-тартыс сөздер Шоқанның тілін бұрынғысынан әлдеқайда жаттықтырып, жолдасын да молықтырды. Көп ұзаған жоқ, көктем жылуы басталып, Ертіс үстінен қызыл су жүріп, жаз лебі есті. Неге екені мәлімсіз, Шоқан бұл жексенбіде Сергей ағайдың да, Васил ағайдың да үйіне бармай, Ертіс бойына баруды ойлады.
Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан, дегенмен қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып кеп отырады. Бүтін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына жөнелді.
Күн жылыныңқырап, қала жұртшылығы қыс киімінен жеңілдеп өзен бойына шыққан. Кешеден бері Ертіс өзенінің мұзы босап, қызыл су көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі ерекше қызықты әңгіме болып қалады. Оның бірі осы көктемдегі Ертістің мұзы бұзылып, сең жүрген аласапыран кезі. Екіншісі, күзгі күн суып, Ертістің мұзы қатар кезі. Әсіресе сең жүрген кез, көктем лебімен мұнартқан дала сәулетін көтеріп, аса көңілді болады.
Кеше кешкілікте «ертең сең жүреді» деген елдің лақап сөзін естіген Шоқан түнімен елегізіп аз ұйықтаған.
Шоқанның әрдайым келгенде отыратын бір ғана орны бар. Ол Ертіс қабағының бір биік мұрыншақ жарының үсті. Тағы да сол жеріне келіп отырды. Өзен қабағы қаптаған көп адам. Бәрінің таңданары асау өзеннің бұлқынып, сең дөңгелетіп аспан атқан сағаты. Қыстай бетін басып шегендеген темірдей мұзды быт-шытын шығарып, асау ағын көтеріп, әлдеқайда әкетіп барады.
Уақыты жетіп заман жылуы келгенде, қандай күш болсын, осы өзен мұзындай қопарылады. Ағынға түсіп жылжып жөнеледі.
Күтірлеп сынған қалың мұздар бірін бірі қаға жылжып, бірі шетке қағылып, бірі ағынға түсіп, ойран-топыры шығып жатыр. Шапан жамылып, шәлісін төгілткен татар ханымдары, асыл киініп алқына басқан қала нәндерінің бәйбішелері ішін тартып, таңданып, өзен ғажайыбына үңіледі. Су бұрынғысынан әлдеқайда көтеріліп, жардың ернеуіне шыпылдап келіп, қалаға лап қоярдай лепіріп жатыр.