Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан- байлық. Дастархан басында әрбір түйір нан қаншама адамның ерен еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды. Жерде жатқан нан болса, алып адам баспайтын жерге қою керек. Егер менен Әлемдегі ең асыл не? – дей қалса,бөгелместен:,,Нан’’ – деп жауап берген болар едім. Себебі нан – әлемнің жарығы , Күннен нұр алады, адамға Күннің нұрын құяды, оның өмірін күндей жарқыратады’’.
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан- байлық.
Дастархан басында әрбір түйір нан қаншама адамның ерен еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды. Жерде жатқан нан болса, алып адам баспайтын жерге қою керек.
Егер менен Әлемдегі ең асыл не? – дей қалса,бөгелместен:,,Нан’’ – деп жауап берген болар едім. Себебі нан – әлемнің жарығы , Күннен нұр алады, адамға Күннің нұрын құяды, оның өмірін күндей жарқыратады’’.