В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
LoveSmile7890
LoveSmile7890
24.03.2020 21:32 •  Қазақ тiлi

М.ауэзов муражайы уйи такырыбы бойынша ангимеле

Показать ответ
Ответ:
009095244554458
009095244554458
08.03.2021 18:28

1) Роботтар адам орнын алмастырады.

Мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Әлбетте, бұған дейінгі адамдар қазіргі сымсыз телефонды, шаңсорғыш, планшет, сымсыз құлаққап жіне т.б. көрсе: "Мәссаған! Қалайша?" деп таң қалуы айдан анық. Иә, қазір ғылым мен технология қарыштап дамыған. Күн сайын ғалымдар өздерінің жаңа идеяларымен, туындыларымен бөлісуде.

Робот, машиналар арқылы адам еңбегі азаюда. Мүмкін емес нәрселер мүмкін болуда. Лазер сәулелері арқылы адамдарға ауыр операциялар жүргізіліп, олар сауығып кетіп жатыр. Машиналар арқылы бір зауыттан адам қолымен жасағаннан әлдеқайда көп өнім берілуде. Бұрын көрмей жүрген адамдар толықтай көре алу мүмкіндігіне ие. Өзі ән айтып, тербететін бесік, өзі жүретін көлік, өзі еден сүртетін роботтар өте көп. Бұлардың барлығы да адамның қол еңбегін жеңілдету үшін жасалған құралдар.

Ғылым мен технология адам әрекеті арқылы дамиды. Сондай-ақ адамзат ғылым мен технологияны дамытпай, бірқалыпты ұстай да алады. Роботтар адамзаттың көмегінсіз ұзақ жұмыс істей алмайды. Оған адамның ақылы, еңбегі қажет қой.Технологиялар адамзаттың орнын басса, әлемде зұлымдық орнаған болар еді. Роботтар адамға қарағанда күшті болғанымен, оларда басты нәрсе - сезім жоқ қой. Сондықтан да адамзат технологияның үстемдік етуіне жол бермейді.

2) Ә. Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз". Монолог.

Біз бүгін Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогін сөз еттік. Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлының өр тұлғасын бұдан асқан қай шығарма бізге жеткізеді? Әлбетте, ешқандай. Шығармадан қаһармандық рух сезіледі.

“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның өр мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен қалай дараланған десеңізші. Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған батырдың бейнесін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін көз алдымызда ашқандай болады. Шынымен де шығарманы оқып отырып кенет сол диалог жүріп жатырған жерде өзің де отырғандай сезінесіз.

“Ақиқат пен аңыздың” көркемдік шешімі де, алға тартары да,ұғым, талғамы неде жатыр десек, командирінің Отан алдындағы міндетін бүкіл армия болып қабылдауында деп жауап қайырғым келеді. Бауыржан Момышұлының өзі ғана емес, жазушы да батыр. Құдайым-ау, ешқандай жазушыны маңына жолатпаған тұлғаға қалайша сұрақтарын қоя алды? Бұған да бір қайсарлық керек қой.

Қорытындылай келе айтарым, әрине, Бауыржан Момышұлы туралы туындылар жоқ емес. Алайда батырдың нағыз бейнесін шынайы жеткізіп білген шығарма біреу, ол – "Ақиқат пен аңыз".

0,0(0 оценок)
Ответ:
Aleksandra20061
Aleksandra20061
27.03.2021 15:30

Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірнеше түрі бар. Оның шығу тарихы әріде жатыр.Ата-.бабаларымыздың көшпенділік өмір сүргенін тарихтан білеміз. Күнделікті тұрмысты да халұымыз көшпенділік өмірге бейімдеген,мал шаруашылығымен айналысқандықтан, оның өнімдерін,жүнін,терісін қолданған. Киіз үйде тұрғандықтан,үй жабдықтарының бәрін қолдан жасаған. Сөйтіп, күнделікті тіршілік қолөнеріне айналады.

Айталық,жүннен киіз басады,ол жылы төсеніш.Қабырғаға тұтатын киізді тұскиіз деп атайды, оған түрлі-түсті жүннен,бертін келе маталардан ою-өрнектер салына бастады. Жүннен ұршықпен жіп иіру өнері,жіптен киім тоқу әлі күнге маңыздылығын жоймай келе жатқан қолөнері десек қателеспейміз. Жіптерден өрмек тоқу арқылы түрлі көз жауын алатын алаша,кілемдер дүниге келген. Қолөнерінің тағы бір түрі- құрақ құрау. Әдемі түрлі-түсті матадан құралған көрпешелер жүк аяқтың үстіне жиналады.Жүкаяқ-сандық тәрізді көрпе жинауға арналған жиһаз түрі.Оны ағаш ұстасы ағаштан жасап,сүйекпен,тастармен безендіреді. Асыл тастарды зергерлік бұйымдар жасауға да пайдаланады. Зергерлердің қолынан шыққан білезік,сырға,алқа,сақиналарды қазіргі кезде көрмелерден көріп жүрміз.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота