В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
maksdodaruk1
maksdodaruk1
24.05.2021 17:05 •  Қазақ тiлi

Ұлы мәртебелі уақыт Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.
Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.
Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - а берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секундтың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңіздер!
Тапсырмалар:
1. Мәтінмен жұмыс:
• Мәтінді бөлімдерге бөліп, қарапайым жоспар құрыңыз;
• Мәтінді ауызша әңгімелеңіз;
• Мәтіннен уақытқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз;
2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
• Мәтіннен өзіңізге қандай ой түйдіңіз?
• Өзіңіз уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз?
• Өз уақытыңызды тиімді өткізіп жүрмін деп ойлайсыз ба? Неге?
• «Уақыт – адам өмірінің өлшемі» деген пікірмен келісесіз бе? Себебін жазыңыз. (2-3 сөйлем)
• Уақытты бағалай білесіз бе?
3. Төмендегі сөйлемдердің мағынасын қалай түсінесіз, түсіндіріңіз:
1. Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны;
2. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең;
3. Даналық жасқа байланысты емес;
4. Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды;
5. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт;
6. Уақыттың көп шашылуы – шығын;
7. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.

Показать ответ
Ответ:
qamqsmbfhfuc
qamqsmbfhfuc
28.05.2022 06:21
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары – соғыс құралдары мен киім-кешектері. Көшпелілік өмір салтын 20 ғасырдың басына дейін сақтап келген қазақтарда қару-жарақтың өзіндік этникалық сипаты қалыптасты. Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары ат үстінде соғыс жүргізуге сәйкестендіріліп жасалған, олар шұғыл қимылға ыңғайлы, жеңілдігімен ерекшеленді. Ол қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әскери өнері негізінде қалыптасты және тарихи себептерден көрші халықтардың ықпалымен жетілдіріліп отырды. Қару-жарақтар екі үлкен топқа бөлінген: 1) шабуыл құралдары – қару; 2) қорғаныс жабдықтары – жарақ. Шабуыл қаруларына ер қаруы саналатын бес қару жатады (қ. Бес қару). Оған қоса қосалқы қарулар: қанжар, пышақ, селебе кіреді. Қорғаныс жарақтарына денеге киіліп кеудені қорғайтын сауыттар, шарайна, дулыға, қол-аяқты қорғайтын қосымша жарақтар (жеңсе, балтырлық, т.б.) жатады. [1]
0,0(0 оценок)
Ответ:
87074552993
87074552993
04.01.2021 05:28

Менің досым.

Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.

"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.

Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.

Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.

Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота