В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
teaonline
teaonline
26.12.2020 14:46 •  Қазақ тiлi

Əлемдегі алғашқы кітапхана 8000 жыл бұрын пайда болды.Ежелгі Месопатамия тұрғындары жіңішке *сына* деп аталатын таяқшалар арқылы тақтайларға балшықпен жазған . Осы тәсілмен « сына жазуы » танымал бола бастаған . Тақтайшаларды күйдіріп , олардың ішіндегі ең бағалыларын бұзылып кетпес үшін арнайы конверттерге салып қойған . Археологтер үлкен сарайларда тақырыптарына байланысты іріктеліп сақталған осындай конверттің біразын тауып алған . Кітапхана тарихының алғашқы беті осы кезден басталады . Ежелгі Египеттегі кітапханалар ғибадатханаларда сақталған . Еги петтіктер жазуды алғаш папирус ағаштарына жазып , ұштарына таяқшаларды тығып,орама үлгісіне орап қойған . Еделгі римдіктер өзгеше үлгіде кітапхана салуды ойластырады.Юлий Цезарь кітапхана салу ісіне бел шеше кірісіп , жобасын да өзі жасаған . Цезарь өмірден өткеннен кейін де оның бастамасы мен салынған кітапханалар ерекше танымалдыққа ие болған . ІV ғасырда Римде 28 - ге жуық кітапхана бой көтерген . Біздің дәуіріміз басталар шақта кітапханалар шіркеулердің ажырамас бөлігіне айналған . Тақуалар кітаптарды оқи жүріп , өздері де кітап жазған . Орта ғасыр аяқталар тұста шіркеулер салына бастайды . Осы кезде кітапқұмар адамдар да құралақан отырмастан , сол шіркеулер жанынан кітапхана тұрғыза бастаған . Ағылшындық саясаткерлер ХІХ ғасырдың басында халықты еркін түрде кітапханаға шақырған . 1850 жылдың соңында ағылшын парламенті көпшілікке арналған кітапханалардың бой көтеріп , халықтың қолдануына рұқсатын берген ПД ПД ОЧЕНЬ НУЖНО! дам​


Əлемдегі алғашқы кітапхана 8000 жыл бұрын пайда болды.Ежелгі Месопатамия тұрғындары жіңішке *сына* д

Показать ответ
Ответ:
05багира
05багира
14.01.2023 02:28
Фонетика - (грек. phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да –дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Selid
Selid
31.08.2022 09:18
Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

Осы шақ

Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.

Осы шақтың 2 түрі бар:

1)Ауыспалы осы шақ.

2) Нақ осы шақ.

Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.

Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” —“Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған.

Өткен шақ

Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.

Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:

1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.

2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.

3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.

Келер шақ

Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:

1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.

2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”.

3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота