Кеше кешке көптен бері серуендемегімді білдім. Қостанайдың орталығында да осы қалада тұрсам да көптен көрмеппін. Күздің де келгенін өз басыңның жайымен жүріп байқамай да қалыппын. Табиғат ана күздің келуімен нұрланып қалыпты біршама. Ағаштардың жапырақтарынан арылғаны болмаса, жер беті алттын түске боялғандай әсер қалдырады. Бір сөзбен табиғат керемет!
Кеше демалыс саябағында отырып, қол ұстасып бара жатқан ғашықтарды, өз сүйіктісін күтіп отырған жандарды және де таза ауамен тыныстап жүрген қарт кісілерді көзім шалды. Осылай табиғат аясында отырып, өзгелерге қарап отыру әдемі екен ғой. Санаң тазарады, шаршағаның басылып, өмірге деген өзгеше құлшыныс пайда болатын секілді.
Кешелі бері сол серуендеуден керемет әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл күймен қайттым. Жадырап жүрген жандардың күйі әсер етті ме, әйтеуір бірдеңе болды. Ал былайынша біз, жұмысқа барып, үйге қайтамыз. Еш өзгеріссіз... Бір айтарым, таза ауа аясына жиі шығып тұрыңыздар! Көңілдеріңіз бөлініп, серуендеуден кейін ерекше көзқараста боласыз...Ендігісінде қаланы жаяулап аралап шықсам...
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай, Таң атқан соң шығарын күннің біліп, Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай. Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сондай күшті. Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап, Күйеу келді, ай, жүлдыз к... қысты. Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп, Жан-жануар қуанар тойға елеріп. Азалы ақ көрпесін сілке тастап, Жер күлімдер, өзіне шырай беріп. Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай, Көңілі күн лебіне тойғаннан соң Жер толықсып, түрленер тоты құстай. Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін. Қызыл арай сары алтын шатырына, Күннің кешке кіргенін көрді көзім.