Өлеңді оқы. Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңімен салыстыр. Кестеге жаз.
Мужество
Мы знаем, что ныне лежит на весах
И что совершается ныне.
Час мужества пробил на наших часах,
И мужество нас не покинет.
Не страшно под пулями мёртвыми лечь,
Не горько остаться без крова,
И мы сохраним тебя, русская речь,
Великое русское слово,
Зияткерлік спорт - білімді ұрпақ негізі.
Халқымыздың ұлттық ойындары ішінде қимыл - қозғалысты ширататындарымен қатар, ақыл - ойды жетілдіретіндері де жетерлік.
Қай спорт түрі болмасын денсаулыққа пайдалы екені баршамызға мәлім, ал зияткерлік спорт жастарымыздың білімді, алғыр болып қалыптасуына өз септігін тигізеді.
Зияткерлік спорт түрлеріне түрлі IQ додалар, сұрақ - жауап ойындары, шахмат ойыны, қазақтың ұлттық тоғызқұмалақ ойыны, дойбы ойыны секілді ойындарды жақызуға болады. Соңғы уақытта зияткерлік спорт түрін дамытып, жетілдіруге үлкен мән беріліп отыр. Соның дәлелі ретінде елімізде зияткерлік спорт түрлерінен өткізілетін дәстүрлі Еуразия кубогын жатқызуға болады. Аталған турнирдің басты мақсаты - қазақстандық жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және еліміздегі интеллектуалдық қозғалысқа қоғам назарын аудару. Бұл турнир - еліміздің аумағындағы ең үлкен зияткерлік сайыс, оған 40 - тан аса мемлекет командалары қатысып, бақ сынасады.
Сонымен қатар еліміздің аумағында зияткерлік спорттың дамыту мақсатында түрлі іс - шаралар ұйымдастырылады.
Түрлі әлемдік зияткерлік додаларда еліміздің атын шығарып жүрген спортшыларымыздың ішінде он төрт жасында гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлік, тоғызқұмалақ ойыны бойынша Гүлжанат Алдабергенова, Азамат Хайдар, Гүлнәр Нұрлыбаевалар, дойбыдан Рүстем Омаровты атап өтуге болады.
Объяснение:Ұлы Жібек жолы туралы диалог.
Алмасбек: Аспандияр, сен Қазақстандағы көне қалалар жайлы естуің бар ма?
Аспандияр: Ия, достым, кезінде Ұлы Жібек жолының бойында Түркістан, Тараз, Отырар секілді қалалар орналасқан болатын. Жай сұрадың ба?
Алмасбек: Мен оқушылар сарайында «өлкетану» үйірмесіне қатысушы едім ғой, есіңде ме? Сол үйірменің жетекшісі мен қатысушыларымен бірге келер демалыста «Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстанның көне қалалары» атты үш күндік сапарға аттанамыз.
Аспандияр: Қандай керемет! Әттең, мен де сол үйірмеге қатыспаппым, әйтпегенде менің де бұл сапарға аттанғым келетін еді. Тарихи деректерге толы, маңызды сапар болатын сияқты.
Алмасбек: Ия, мен де солай ойлаймын. Сондықтан қазірден кішкене болса да дайындалып, қосымша мәлімет жинап жүрмін.
Аспандияр: Оның дұрыс екен. Менің ойымша, Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды.
Алмасбек: Толықтай келісемін. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.
Аспандияр: Сәтті сапар тілеймін! Жақсы, әрі жемісті демалыс болсын!
Алмасбек: Рахмет, келген соң қалай өткенін айтып беретін боламын.