L-тапсырма. Мәтінді оқып,сұрақтар құрастыр. Ақынның көптеген өлеңдері мен поэмалары, ,
новелла, прозалық шығармалары бар. Күнделіктері мен
хаттары да автордың өмір жолындағы алуан сырларын
жеткізеді. Ақынның "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға
жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағыменің", "Өмір -
дастан" т. б. жыр жинақтары бар.
Аудармашылық - М. Мақатаевтың ақындық өнерінің
бір қыры. Орыс тілінен қазақшаға көптеген шығармалар
аударған.
Балаларға да арнап көптеген өлендер жазған. Оның
өлеңдері туған жер, табиғат туралы. Жастарды елді,
табиғатты сүюге, оны аялай білуге үйретеді.
Ақын
өз шығармашылығында әртүрлі тақырыптарды қамтыған:
Ана, махаббат, табиғат, достық, Отан, туған жер, тіл, өмір т.б.
1.М.Мақатаевтың ақындық өнерінің бір қырына нені жатқызамыз?
2.Ақынның көптеген өлеңдері кімдерге арналған?
3.Ақын шығармаларының тақырыптарын нелер қамтиды?
4.Ақын шығармалары жастарды неге үйретеді?