Ңжер-анаға деген ықыласы ерекше. топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген отанымыз бар. алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? өзінің меншікті жері жоқ , ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма? әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі ға қалқан болуды қалайды. ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған бірдей. бірде бір қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді. сатып алушы жерді қоқыстан тазалап жүріп, бұлақтың көзін тауып алады. әртүрлі жүзім, анар, алма ағаштарын егіп, басына үй салады. уақыт өте сол маңнан жердің бұрынғы иесі өтіп бара жатып, жайқалған бақты көріп, мен қандай жерден айырылып қалғанмын деп өкініпті - дейді аңыздарда. жер баптағанға, күте білгенге азық, бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады. бірақ оның қадірін түсіне білу үшін де жерге жете алмай тіршілігі мұңға айналған бауырларымыздың күйін бастан өткізу керек пе? бізге жер беріңдер деп ашынған қазақтардың жанайқайы жылда естілетін жырға айналып барады. кезінде «шаңырақ», «бақай» деп бір дүрліккен қазақтың жылауы неге қайталана береді? еңбекпен тапсын, жерді сатып алсын дейді біреулер. ал біреулер неге өз ауылында отырмайды, қалада нелері бар деп сөгері анық. мүмкін біреулер ауылдағы жеріне егін ексін, соны өсіріп, азық қылсын деп ақыл айтар. бірақ кімнің жақсы өмір сүргісі келмейді дейсін. қала маңына шоғырланып жинала бастаған жандардың болашағым- қалада оқысын, тіршілік жасап, отбасымды асырайын деп ниеттенгендері анық. кеше ғана жер беріңдер деп бейбіт мақсатта жиылған топтың өз бауырымыз, өз қандастарымыз екенін естен шығармайық. қалай десек те бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу керек. өз елім өзекке теппес деп шырылдаған олардың жанайқайын бүгін естімесек, ертең ар алдында да, алла алдында да жауап беретінімізді ұмытпаған жөн шығар.
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. (Мысық)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (Үкі)
Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)
Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)
Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім. (Бүркіт)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)
Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ. (Есек)
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)
Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)
Орманда жоғары
Ғашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)
Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды (Бұлбұл)
Бір топ жынғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл)
Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып (Аққу)
Таусылама, қарандар,
Табиғаттын қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы)
Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық)
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (Аю)
Санай алмай шаршадым –
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі)
Бітімі, тұрқы –
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ –
Айыбы сол-ақ. (Зебра)
Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады. (Бұғы)
Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам? (Тасбақаның сауыты)
Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек. (Шошқа)
Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп. (Тасбақа)
Доп пішіндес тасты
Бауырына басты (Жұмыртқа басқан құс)
Секіреді –
Бала емес.
Сақалы бар –
Шал емес. (Серке)