кто Дербес компьютердің пайда болуы
Дербес компьютердің пайда болуы –біздің дәуірдің маңызды ғылыми жаңалығы . Дербес
компьютердің пайда болуыXIX ғасырдан бастау алады. АҚШ-тың Intel фирмасы
логикалық құрылғыларды бағдарламайтын алғашқы микропроцессор (МП) құрады.
Процессор СБИС технологиясы бойынша дайындалған. 1970 жылы Intel фирмасының
қызметкері Маршиан Эдвард Хоффд өз функциясы бойынша үлкен ЭЕМ орталық
процессорына ұқсас интегралдық сызбасын құрастырады. Осылайша Intel-4004 алғашқы
микропроцессоры пайда болады. Процессор 4004 4 биттік болды. Жұмыс істеу
жылдамдығы секундына 60 мың операцияны құраған. Оның құрамында бір кристалда
2300 транзистор болған. Процессордың 200 доллар тұрды.
ІВМ РС компьютері 1980 жылдардың басында қолданыла бастады. 1975 жылы Бейл
Гейтс досы Пол Алленмен бірге алғаш рет Basic тілін Altair 8080 дербес компьютерін
бағдарламамен қамтамасыз ету үшін қолданады. Олар Mikro-Soft компаниясын құрды,
кейін оны Mikrosoft деп өзгертті. Ол компания компьютерді бағдарламамен қамтамасыз
етумен айналысты. 1985 жылы бірінші OC Windows пайда болды.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңдер.
1.Біздің дәуіріміздің маңызды жаңалықтарының бірі не?
2.Дербес компьютер қай кезде пайда болды?
3.Алғашқы микропроцессорды кімдер құрады?
4.Процессор қандай технолгия бойынша дайындалды?
5.Intel-4004 микропроцессорын кім құрастырды?
6.1975 жылы Бейл Гейтс досы Пол Аллен қандай компания құрды?
7.. 1985 жылы не пайда болды?
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына сөз тіркестерін қойып жазыңдар, есімшенің астын
сызыңдар
Құлпынай жинайтын робот
Құлпынайды әдісін жапондықтар ойлап тапты. Shibuya Seiki
компаниясының инженерлері ... өзі тауып, үзе қоятын роботты шығарды.
Биіктігі 2 метрге жететін робот ... аралап, піскен құлпынайды өзі ажыратады.
Ажыратып қоймай, арнайы себетке... , уақытты үнемдейді. Бір құлпынайды
үзуге небәрі 8 секунд уақыт кетеді. Үш бейнекамерасы жұмыс жасайтын, бұл
құрылғының ... да бар. Олар жемісті үзуге арналған. Роботты жасаушылар
енді ... жеңіл жұмысқа айналдыруға әбден болады деп отыр.
Қажетті сөздер: егістік қатарын , тездетіп жинау, құлпынай жинауды,
піскен құлпынайды, тездетіп теріп, механикалық қолдары,
3- тапсырма. Берілген етістіктерді есімше жұрнағын жалған септеңдер:
жүз, ал, біл
4- тапсырма. Берілген «Құлпынай жинайтын робот» мәтінінен ашық райлы
етістіктерді теріп жазып, қалай жасалғанын түсіндіру керек.
ҮЛГІ: Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін.
Естімегенмін – бұрынғы өткен шақ, есімшенің –ген жұрнағы арқылы жасалған. –
мін жіктік жалғаудың І жағы, жекеше түрі.
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.