КОМЕКТЕСЫНДЕРШШ 5. «INSERT» оқыту стратегиясы бойынша мәтіндегі ақпаратты қоры- тындылап жазыңдар.
V (бұрыннан
білемін)
+ (жаңа
ақпарат)
— (менің ойлаға-
ныма қайшы)
? (білгім
келеді)
1998 жылы Қырғызстанның Қошқар өңіріндегі Қарасу
ауылы маңынан көне түркі рунасымен тас бетіне қашалып
жазылған бірнеше құпия жазулар табылған. Тас бетіндегі
құпия жазу түркітанушы ғалымдар тарапынан әлі күнге
дейін жүйелі түрде оқылған емес. Енді осы таңбалар жүйесіне
көз тігіңіз.
Біздің ойымызша, бұл жазуды V-VI ғасырларға жатқы-
зуға болады, себебі мұнда ертедегі Талас жазба ескерткіш-
теріне тән таңбалар бар. Тастағы 13 руникалық таңба оңнан
солға қарай оқылады. Құпия таңбалардың жеке-жеке мән-ма-
ғынасын талдай келе мынадай болжамға тоқталдық: er atym
sagunda ayrsym - «Ер атым Сағуннан айырылдым» немесе
«Ер атам Сағыннан айырылдым».
XAYDINXVur
Алғашқысы қандай да бір азаматтың өзіне берілген
атағынан немесе шенінен айырылғандығын білдіреді,
ал екінші нұсқадағы сөйлемнің мәні бойынша, атасы
Сағыннан айырылып қалған деп тұжырым жасауға бола-
ды. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптас-
қанын, жазу мәдениетіміздің тамыры өте тереңде екен-
дігін аңғартады.
(kaznu.kz)
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. *Бастауыш* кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.
*Баяндауыш* - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.
На казахском "Тұрлаулы мүшелер "- на русском "Главные члены предложения "
Желаю удачи ! Сәттілік тілеймін ))